Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ферғананың” бас редакторы ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап етті

Бірнеше сағат бұрын “Ферғана” басылымы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан-ды. Бұдан кейін қаралы хабар бүкіл әлемге тарап, басылым беттерінде жазылды. Десе де, президенттің жақындары мұны жоққа шығарды. Дәл қазір аталған басылым бұғатталған. Осыған орай, “Ферғана” басылымының бас редакторы Даниил Кислов Кәрімовтың өліміне қатысты “Ұлттық жаңалықтар қызметіне” мәлімдеме жасады.

новый коллаж

Фото: facebook.com/daniil.kislov//lenta.ru

Бұл туралы “Лента.ру” басылымы хабарлайды.

Оның айтуынша, Ферғанада жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар. “Мен өзбекстандық басылымдарға, биліктегілерге, баспасөз-қызметіне оның денсаулығы туралы қағазда жазылған медициналық сараптаманы және өзін көрсетуді ұсынамын”, – деп мәлімдеді ол.

29 тамыз күні “Ферғана” басылымы президенттің қайтыс болғаны туралы өздеріне сілтеме жасап хабарлады. Бұдан кейін президент аппаратындағылар керісінше оның өлімін жоққа шығарды. Өзбекстан Халық қозғалысы оппозициялық ұйымындағылардың айтуынша, 78 жастағы президент ұлттық олимпиялық құрамаға құрмет көрсетуге арналған банкет кезінде өзін нашар сезінген. Салтанатты шара 26 тамыз күні кешке президенттің Дүрмендегі резиденциясында өтіп жатқан. Банкетке мемлекет басшысына жақын шенеуніктер қатысқан.

“Ислам Кәрімов Мәскеу уақыты бойынша сағат 15:35 шамасында қайтыс болды. Бұл туралы тек біз және бірнеше ресейлік, халықаралық басылымдар ғана біледі. Ең танымал кешкілік бағдарламалардың бірінде де бұл туралы атылмады. Біз Өзбекстанда 15 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осы уақытта елбасының денсаулығы туралы бірде-бір рет ақпарат ала алған емеспіз”, – дейді ол haqqin.az басылымына берген сұхбатында.

01

Мәнбелердің деректері бойынша, спортшылардың табысына қуанған Кәрімов спиртті ішімдікті шамадан тыс ішіп қойған. Сол күні түн жарымында оның өз әкімшілігінің басшысы Зелимхан Хайдаровпен әңгімелесіп отырғаны да белгілі болған. Сосын кенет ес-түссіз жерге құлап қалған.

Өзбек оппозиционерлерінің мәліметінше, Кәрімовке бірінші медициналық көмекті резиденциядағы кезекші дәрігерлер көрсеткен. Осыдан кейін аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Ислам Кәрімов 1991 жылы Өзбекстанның президенті болды. Содан бері елді үзіліссіз басқарып келеді.

Талқылау