Оның ойынша, қылмыстық іске тапсырыс берілген және ол саяси сипатта жүргізіліп отыр. Активистка тергеу барысында қателіктер жіберілгенін және қысым көрсетілгенін айтты.
Естеріңізге салсақ, “Feminita” белсенділері сенбі күні түстен кейін Секербаева басқа белсенділермен бірге дәмханада отырған кезде, оған қарсы көзқарастағы әйелдер тағы да келіп, жанжал шығарған. Олардың қатарында өзін "бейжай қарамайтын көпбалалы ана" деп танытатын Зиуар Жұманова да болған. Сол жерде queer.kz белсендісі Темірлан Баймаш ұсталған. Queer.kz парақшасындағы мәліметке сәйкес, "Зиуар және басқа әйелдер кафеге баса-көктеп кіріп, күш қолданған, тіпті даяшыларға да қол көтерген. Олар боқтық сөздер айтқан"
