Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FDA темекі мен түтінсіз өнімдердің тәуекелдерін салыстырды

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (Food & Drug Administration – FDA) жанбайтын темекі өнімдерінің денсаулыққа қауіпті төмендетуге көмектесетінін анықтады.

Көптеген дәрігер мен сарапшылар зиянсыз темекі өнімдері болмайтынына және темекіні толық тастау денсаулыққа ең тиімді таңдау екенімен келіседі. Дегенмен, темекі шегуге тәуелділік үлкен кедергі тудырады. Сондықтан мамандардың көмегінсіз оны тастау бәріне қолжетімді емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, темекіні бірінші әрекетте тастағандар саны 4-7 пайызды ғана құрайды.

"Тәуелділік – бұл, шын мәнінде, ауру. Сондықтан денсаулығына алаңдайтын темекі шегетіндер үшін тәуекелдер жайлы ақпарат алу және мамандарға жүгіну маңызды. Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, темекінің ең зиянды түрі – жанатын темекіден бас тарту арқылы тәуекелдерді төмендетуге болады. Оларға қарағанда, түтінсіз баламаларда зиянды заттар аз, және бұл туралы зерттеулер жыл сайын артып келеді", – деп атап өтті онколог-гастроэнтеролог, "Еуразиялық онкологтар, хирургтар және оңалту мамандары қауымдастығы" қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Гаухар Исақова.

Тәуелділікке никотин себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Дегенмен, темекімен байланысты аурулардың барлығын тек никотин туындатпайтыны да ғылыми дәлелденді. Ауруға шылым шегу кезінде бөлінетін түтін себеп болады. Онда көптеген зиянды зат бар. Сол себепті зиянды азайту тұжырымдамасы (ЗАТ) зияны азырақ баламаларды қолдап, денсаулыққа зиянды әсерлерді азайту тәсілі ретінде шылым шегушілерге жанбайтын баламаларға көшуді ұсынады. Англия, Швеция, Жапония, Жаңа Зеландия және басқа елдерде зиянды азайту қағидаттары темекі шегушілердің санын азайтып, халықтың денсаулығына келетін зиянды төмендетуге көмектесуде.

Осындай ғылыми негізделген тәсілдің тиімділігін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) жүргізген тәуелсіз зерттеуі де растады.

Бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына жататын беделді агенттік "Темекі өнімдерінің тәуекелдерін салыстыру" атты құжат жариялады. Онда темекі өнімдерінің ешқайсысы қауіпсіз болмағанымен, әртүрлі темекі өнімдерімен байланысты денсаулық тәуекелдерін жіктеуге болатыны мойындалған. Жанбайтын темекі өнімдері, мысалы, қыздырылатын темекі мен басқа да түтінсіз баламалар, әдетте, жанатын темекілер мен жану процесін қажет ететін басқа темекі өнімдеріге қарағанда денсаулыққа азырақ қауіп төндіреді.

FDA атап көрсетеді: ешбір темекі қауіпсіз емес, сондықтан темекі шекпейтін жастар мен ересектер электрон темекілерді тұтынуды әу бастан бастамағаны жөн. Бірақ темекі шегетін ересектер үшін жанатын темекіден толықтай түтінсіз баламаларға ауысу көптеген зиянды химиялық заттардың әсерін азайтуы мүмкін.

"Алайда, олардың кәдімгі темекіден толықтай түтінсіз баламаларға ауысуы маңызды. Өйткені темекіні түтінсіз өнімдермен ұзақ уақыт бірге қолдану денсаулыққа тек темекі шегуге ұқсас зиян келтіруі мүмкін", – делінген құжатта.

Қазіргі таңда FDA темекі және ментол дәмі бар электронды темекінің 34 өнімін және құрылғысын мақұлдады. Бұл өнімдер токсикологиялық бағалауды қоса алғанда, қатаң ғылыми тексеруден өтті, және FDA олардың қоғамдық денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес келетінін анықтады.

FDA-да арнайы Темекі өнімдері орталығы (CTP) бар. Ол темекіден бас тартуға арналған ақпараттық материалдар әзірледі. Тәуекелдерді төмендетіп, зияны аздау темекі өнімдеріне көшуге шешім қабылдаған адамдарға қолдау көрсететін Ұлттық онкология институтының Smokefree.gov сайтымен серіктестік орнатты.

CTP мәліметінше, темекі өнімдерін тұтынатын көптеген адам никотин туралы және әртүрлі темекі өнімдерінің тәуекелдері туралы қате түсінікте. Ғылыми деректер түтінсіз баламаларда әдеттегі темекіге қарағанда зиянды заттар аз екенін айқын көрсетсе де, көптеген темекі шегетіндер оларды кәдімгі темекіден зияны аз емес немесе тіпті зиянды деп санайды.

"Салыстырмалы тәуекел ұғымы күрделі және темекі шегушілерді осы тақырып бойынша хабардар ету әрекеттері нақты деректерге негізделуі маңызды. CTP білім беру стратегиялары мен тәсілдерін әзірлеуге негіз болатын ғылыми білімді зерттеулер арқылы жинақтауды жалғастыруда", – деп FDA зерттеуінде атап өтілген.

Counterfactual Consulting компаниясының басшысы және Ұлыбритания үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы кеңесшісі Клайв Бейтс те темекі түтінінде шамамен 6 мың зат пен қосылыс бар екенін, олардың шамамен 70-і улы және канцерогенді екенін атап өтеді.

“Қазіргі технологиялар жану процесінен аулақ болуға мүмкіндік берді. Мысалы, темекіні қыздырып, бірақ жақпайды. Зерттеулер қыздыру кезінде бөлінетін аэрозольде темекі түтініне қарағанда зиянды заттардың 90-95%-ға аз екенін көрсетті”, деп түсіндіреді Бейтс.

Ол сондай-ақ АҚШ-тағы зерттеулерді мысалға келтіріп, темекі өнімдерін бұрын темекі шеккен, бірақ кейіннен түтіннің зиянын түсінген адамдар жиі қолданатынын көрсетті.

Талқылау