"Эйр Астана" ұшағы "Орал" әуежайына қона алмай, қайта ұшып кетті
"Эйр Астана" әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Орал рейсінің ұшағы ұшу-қону жолағының мұздануының кесірінен "Орал" халықаралық әуежайына қона алмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Орал-Нұр-Сұлтан рейсіндегі жолаушылардың бірінің айтуынша, олар әуежайға таңғы сағат 8 шамасында келген. Мұнда оларға рейстің кейінге қалдырылғанын мәлімдеген.
"Бізге рейс түскі 12-ге, содан кейін сағат 13:00-ге ауыстырылғанын айтты. Түскі ас кезінде бізді авиакомпания есебінен ыстық түскі аспен қамтамасыз етті. Ақтөбеден ұшақтың ұшуын күтіп отырмыз", - деді әйел.
Халықаралық әуежай өкілі ауа-райының қолайсыздығы ұшақтың қонуына кедергі болғанын атап өтті.
"Таңертеңнен бастап Оралда қар жауды. Ұшу-қону жолағы мұз айдынына айналды. Қазір арнайы техника жұмысын аяқтап жатыр. Ақтөбеден рейс Орал қаласына ұшып, Нұр-Сұлтанға аттанады", - деді "Орал" халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Раскалиев.
Айта кету керек, жақында әуежайда күтуге арналған тіркемелер орнатылды. Бұл рейстерді күтіп тұрған адамдардың тоңып қалуының алдын алу үшін жасалған. Қазір жолаушыларға халықаралық терминал қызмет көрсетеді. Әуежайдың негізгі ғимараты бөлшектелген. Мұнда қайта құру жұмыстары жүргізіледі.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
