Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Эйр Астана" әуекомпаниясының Өскеменге ұшудан бас тартуының себептері белгілі болды

Ұлттық әуетасымалдаушының Өскеменге ұшудан бас тартуы немен байланысты екенін авиациялық әкімшілігінде түсіндірді. Мұның себебі экономикалық шығындардың көптігінде және қонуға жаңа схемалардың болмауына байланысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстарынан кейін әлі өзгермеген қону аймағы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Алайда, басқа екі авиакомпания рейстерді тоқтатпады. Жақын арада олардың жиілігін арттыру жоспарлануда.

Өскемен әуежайындағы жөндеу жұмыстары жарты жыл бұрын басталған болатын. Олар жабдықты жаңартты, ұшу-қону жолағын кеңейтіп, ұзартты. 

Осы уақыт ішінде көптеген жолаушы рейстердің қайта басталуын күтті, ал бір апта бұрын әуе бағыты ашылса да, әуекомпаниялардың көбі Өскеменге ұшпайтын болды.

Тілек Әбдірахымов, Air Astana АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері мәселені былай түсіндірді:

"Эйр Астана" әуекомпаниясы ауа райының нашарлауы жағдайында ұшу қауіпсіздігін сақтау үшін қонуға қажетті  құрал-жабдықтардың болмауына байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Өскеменге ұшу бағыттарын уақытша тоқтатады. Сондықтан әуекомпания осындай шешім қабылдады және әуежайдың аэронавигациялық қызметінің деректер базасы жаңартылғаннан кейін ұшуды қайта бастайды”, – деді ол.



Өскемен әуежайының әкімшілігі әуеайлақ ұшақтарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.  Құжаттарға байланысты жұмыстарды кешіктіргенін тарап жоққа шығарған жоқ. Бірақ әр авиакомпания рейстерді бастауға өз еркімен шешім қабылдайды.

“Әуежайды қайта құру аяқталғаннан кейін сертификаттық тексерулер кешенді түрде жүргізілді. Барлық ақпарат әуекомпаниялар пайдаланатын аэронавигациялық жинақта жарияланды. Басқа авиакомпаниялар өз рейстерін күшейтті, осылайша, 8 қазаннан бастап рейстер кестеге енгізіліп жатыр”, – Николай Короленко, Өскемен қаласы әуежайының директоры.

Сарапшылар қонуға арналған жаңа схемалар бекітілгенге дейін аэродромды ашудың қажеті жоқ еді, өйткені жолақтың геометриялық өлшемдері өзгерді, ал ұшқыштарда бұл мәліметтерге мұқтаж.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Ұлттық әуетасымалдаушы жаңартылмаған деректер үшін ғана емес, экономикалық себептерге бола ұшудан бас тартуға шешім қабылдағанына сенімді.

“Өскеменге ұшатын үш компания әуе кемелерінің әртүрлі модельдерін пайдаланады. Мысалы, Qazaq Air және SCAT Air Astana-ға қарағанда салонда жолаушыларды аз тасымалдайды. Қосалқы аэродромға шыққан жағдайда оларға барлық жолаушыны автобустарға ауыстыру оңайырақ.

"Эйр Астанаға" мұны жасау қиынға соғады және қымбатқа түседі, өйткені олардың бортында 200-ден астам жолаушы бар.  "Эйр Астананың" ұшақтарында күрделі және қымбат жабдық орнатылған және ол ұшқыштардан белгілі бір нұсқаулықтарды талап етеді. Ал қалғандары үшін бұл жоғары технологиялық деңгейде емес”, – дейді Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.

 


 

Назерке Мұса
Сенбі, 09 Қазан, 2021 13:49
Талқылау