Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рейс кестесін өзгерту туралы хабарлама жібермеген – Жолаушылар "Air Astana" әуе компаниясына шағымданды

"Air Astana" әуе компаниясы Алматыдан Астанаға ұшатын рейсті кейінге қалдырды. Алайда жолаушыларға ұшатын уақытын мәлімдемеді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: thaiwoopro.blogspot.com

14 наурыздан бері Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр. Барар жеріне уақытында ұшпаған жолаушылар шағымын білдіруде.

"Менің рейсім екі сағаттан кейін, яғни 14.20-да еді. Алайда дерекқорға қарасам рейс 20:00ге ауыстырылды дейді. Дегенмен маған рейстің кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама әлі келмеді. Ұшақта қарттар мен кішкентай балалары бар отбасылар болуы мүмкін. Қазір енді бәрі SMS хабарламасыз портқа барады. Бұл заңсыздық қой", – деді КС-641 рейсінің жолаушысы.

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz ақпарат агенттігі "Эйр-Астана" әуе компаниясына жүгінді. Аталған компания орын алған қолайсыздық үшін кешірім сұрап, жүйеде ақау болғанын мәлімдеді. Қазіргі таңда жолаушыларға SMS-хабарлама жолданып жатқанын хабарлады.  

"Air Astana" әуе компаниясы кеше қалың қардың жаууына байланысты 15 наурызда тоқтатылған рейстердің тізімін жариялады. 

  • Алматы - Астана - Алматы KC851/852;
  • Алматы - Шымкент - Алматы KC969/970;
  • Алматы - Қызылорда - Алматы KC985/986.

Сондай-ақ компания жолаушылардан авиабилеттерді қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша сатып алынған жері бойынша хабарласуды сұрады. 

Талқылау