Exit poll: Сайлаушылардың 80%-дан астамы Тоқаевқа дауыс берді
Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала үш exit poll деректері жарияланды. Ақпаратқа сәйкес сайлаушылардың 80%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ашық қоғам" институтының мәліметінше, Қарақат Әбден 2,54%, Нұрлан Әуесбаев 2,17%, Жигули Дайрабаев 3,33%, Мейрам Қажыкен 2,23% дауыс жинаған. Салтанат Тұрсынбекова 2,08% дауыс жинаса, Қасым-Жомарт Тоқаев 82,45% жинады.
Дауыс берушілердің 5,2%-ы “Бәріне қарсымын” нұсқасын таңдаған. Сонымен қатар дауыс беруге құқылы азаматтардың 68,7%-ы сайлауға қатысыпты.
Ал Қоғамдық саясат институты жүргізген еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85%-дан астамы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Еxit poll 70 мыңнан астам азаматты қамтыған. Ал өзге кандидаттар келесідей дауыс жинаған:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52%;
Жигули Дайрабаев – 2,67%;
Қарақат Әбден – 2,61%;
Мейрам Қажыкен – 2,43%;
Нұрлан Әуесбаев – 1,93%;
Салтанат Тұрсынбекова 1,44%.
Ал бәріне қарсымын бағанына дауыс бергендердің 3,4% белгілеген.
"СОЦИС-А" Кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының еxit poll қорытындысы мынадай:
Қарақат Әбден – 2,84%;
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;
Жигули Дайрабаев – 3,68%;
Мейрам Қажыкен - 2,62%;
Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;
Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;
Бәріне қарсымын – 4,22%.
Үш еxit poll қорытындысы бойынша да Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен.