Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еврей тілінен алынды": Мақпал Исабекова қызына ерекше есім қойды

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова жақында қыз баланы дүниеге әкеліп, екінші рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі балаларына ерекше ат қойып жұр. Тұңғышының есімі Теодор еді. 

“Еврей тілінде Илай есімі "менің Құдайым" дегенді білдіреді. Бұл – Інжілде айтылған бірнеше маңызды кейіпкерлердің есімі. Араб тілінде Илай есімі "Құдайға бағытталған" немесе "Құдайға тиесілі" деп аударылады екен. Грек мәдениетінде Илай есімі "күн" немесе "жарқыраған" дегенді білдіретін ежелгі грек сөзімен байланысты", – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, өнер иесі босанғаннан кейін ауруханаға түсіп қалғанын айтқан еді. Одан кейін күйеуінің де жанынан табылғанын көрсетті. 

“Күйеуім қасымда болды. О, Алла, недеген фантазия?! Менімен бірге тұрып, 24/7 жанымда жүретін адам сияқты жазатындарын қайтерсің?! Жазыңдар, жаза беріңдер, менің кетіп бара жатқан түгім жоқ. Әрқайсының аузына қақпақ бола алмаймын ғой. Жазған адамның әрбірімен арпалыссам, нем қалады? Сендер айтып жатқан "бұрынғы күйеуім" менімен бірге перзентханада 5 күн болды. Қызымызды туыла сала сол кісінің кеудесіне жатқызды", – деп жазды Мақпал Исабекова.

Бұған дейін, аяғы ауыр кезінен фотосессия кадрларын жариялаған әншіні Дженифер Лопеске ұқсатқанын жазған едік. 

Талқылау