Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропалықтарға төрткүндік жұмыс күніне ауысу ұсынылды

Ұлыбритания, Испания, Германия және басқа да еуропа елдерінің солшыл партиялары мен кәсіподақтарының коалициясы экономиканы пандемиядан сақтап қалу үшін төрткүндік жұмыс аптасына көшуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонды, Германия канцлері Ангела Меркельді, Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардернді және АҚШ-тың сайланған президенті Джо Байденді қоса алғанда, әлемдік көшбасшыларға жолдаған ашық хатында коалиция қысқартылған жұмыс күні дағдарыс пен экономикалық құлдырау кезеңінде өзінің тиімділігін көрсетеді деп мәлімдеді. Хатта мемлекеттер жұмыс модельдерін қайта қарастырып, төрткүндік аптаға көшуі керек деп айтылған.

Айта кету керек, саясаткерлер жұмыс уақытының қысқаруына қарамастан жалақыны бұрынғыдай қалдыруды ұсынады.

Хатқа Лейбористік партияның депутаттары Джон Макдоннелл мен Клайв Льюис, сондай-ақ Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ-тағы 4 күндік науқанға қатысушылар қол қойды.

Олар төрт күндік апта экономикадағы жұмысты жұмыссыздар мен шамадан тыс жұмыспен қамтылғандар арасында тең бөлудің тәсілі болады деген дәлел келтірді. Сонымен қатар, олар қысқа жұмыс аптасы қызметкерлердің психикалық денсаулығы мен өнімділігін жақсарта алады деп мәлімдеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр