Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Еуропалықтар ауыз сумен көлік жуғанымызды көріп есінен танып қала жаздады": Депутаттар суды ұқыпты пайдалану мәселесін көтерді

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев үкіметке жолдаған сауалында суды ұқыпты пайдалану мәселесін көтерді. “Amanat” фракциясы мүшелері БҰҰ болжамы бойынша, алдағы 15 жылда елде "су тапшылығы" болатынын, 2050 жылға қарай тапшылық үш есеге артатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: none

"Бұл апат суды пайдалану мен басқарудың тиімділігін арттырмаған жағдайда туындайды... Су кодексінің алдын ала жобасында декларативті, құрылымдық сипатта суды тиімді пайдалануға арналған құралдар бар. Үкімет су мәселесіне аса қатты көңіл бөлмейтін секілді. Мәжілісті бұл мәселені талқылауға шақырамын", – деді депутат.

Мәжілісмендер көктемгі тасқын суды сақтайтын резервуарлардың жоқтығын алға тартты. Олар бірнеше рет тазартудың арқасында суы бес рет пайдаланылатын Рейнді мысалға келтірді. Қазақстанда судың тек 3%-ы ғана қайта пайдаланылады, ал өнеркәсіптік кәсіпорындардың 30%-ы ғана қайталама сумен жабдықтауды пайдаланады.

"Суды үнемдейтін суару технологиялары суармалы жерлердің 14 пайызында ғана қолданылады. Су құны да өсіп жатқан көрші мемлекеттерден келетін су ағыны онжылдықтың соңына қарай 11%-ға азаяды, бұл Балқаш көлеміне тең. Бұл жағдай Қызылорда, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарында өткір су тапшылығы жағдайында орын алып отыр. Біз тісімізді тазалағанда минутына 10 литр су жұмсаймыз. Тіпті қырыну үшін шүмекті ашып қойып, 50 литр суды құртамыз. Еуропалықтар көлігімізді ауыз сумен жуғанымызды көріп есінен танып қала жаздады", – деді депутаттар. 

Сондай-ақ олар мемлекет басшысы суды жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсатында елде оны нормадан жоғары тұтынғандарға жоғарылатылған тариф енгізу міндетін қойғанын айтты.

"Егер суды нормадан асырып пайдаланса, әр литрі үшін көбірек төлеуі тиіс. Біз азаматтық қоғамның мүдделі өкілдерін ауыз суды үнемдеу және азаматтар арасында суды жауапкершілікпен тұтынуды насихаттау бойынша жаппай түсіндіру жұмыстарына қосылуға шақырамыз", - деді депутаттар. 

Депуттардың ұсынысы:

  • Үкіметтің кезекті жалпы отырысында суды үнемдеу шараларының тиімділігі және оны жақсарту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беру;
  • Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік кәсіпорындарды су үнемдеу технологияларын енгізуге және тасқын суларын тиімді пайдалануға ынталандыратын нақты су үнемдеу тетіктері бар "Су кодексінің" жобасын мүмкіндігінше тезірек дайындау;
  • Ылғал сүйгіш дақылдарды өсірудің суды үнемдейтін технологияларын ауыл шаруашылығына жедел енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
Талқылау