"Елімізде электр энергиясы тапшы деген сөз жалған": Азаматтық белсенділер АЭС құрылысынан төнетін қауіпті хабарлайтын платформа құрды
10 қыркүйекте Алматыда азаматтық белсенділер “АЭС керек емес” платформасы құрылғанын мәлімдеді. Аталған платформа арқылы белсенділер елімізде АЭС салуға қарсы азаматтардың көзқарасын тыңдап, билікке жеткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz Нұрила Жұмаділлә
Эколог Қайша Атаханова аталған платформа негізінде, 2024 жылдың наурыз айынан бері АЭС құрылысы бойынша әр өңір тұрғындарымен 11 кездесу өткізілгенін мәлімдеді.
"Біз әр өңірдегі сапар барысында атом электр станциясын салудың жақсы я жаман тұстарын ғана емес, оның құрылысына байланысты экологиялық қауіптер туралы да айттық. Әсіресе радиоактивті қалдықтарға қатысты. Мұндай қалдықтардың бір текше метрін де өңдеуге болмайды. Біз “электр қуаты тапшы” деген сөзге ермеуіміз керек. Қорқудың да қажеті жоқ. Өз ұрпағымызға қомақты қарыз қалдырмағанымыз жөн. Оларға сеніп, радиоактивті қалдықтар мәселесін шешу қажет. Олар өздерінің энергетикалық мәселелерін дербес шеше алады. Ал жаңартылатын энергия (күн, жел) бұл мәселелерді тез және әлдеқайда арзан шешуге көмектеседі", – деді Атаханова.
Фото: Stan.kz Нұрила Жұмаділлә
Ал экологиялық құқық бойынша халықаралық сарапшы Вадим Ни, референдум өткізу кезеңінде "Энергияға көшу" қоғамдық қоры құрылғанын және оның директоры Әсет Наурызбаев екенін хабарлады. Айтуынша, қор халықты ақпараттандыру мақсатында кездесулер өткізген. Платформа атом электр станциясын салуды ұсынатындарға қарсылық негізінде құрылыпты.
"Референдум біздің пайдамызға шешім шығармаса да, Қазақстанда АЭС-тің салынуына қарсы шығатындардың ұзақ жол жүруіне тура келіп тұр. Біз өз жолымызда міндетті түрде жеңіске жетеміз. Себебі біз Балқаш көлінде Чернобыль мен Фукусиманы қайталағымыз келмейді", – деді Вадим Ни.
Ал"Энергетикалық ауысу" қоғамдық қорының директоры Әсет Наурызбаевтың сөзінше, АЭС салынуын қолдаушылардың елімізде электр энергиясы тапшы деген сөзі жалған.
“Энергетика министрлігінде Қазақстанның энергетикалық жүйесін дамытудың бірнеше сценарийі бар. Оның ішінде атом электр станцияларынсыз Қазақстан деген сценарий де бар.
"Елімізде Бұқтырма, Қапшағай, Шүлбі және Мойнақ су қоймалары ссынды энергия сақтау қоймалары бар. Олардың барлығы энергия сақтау қоймалары. Ал біз олармен қалай жұмыс істеу керегін жақсы білеміз. Сондықтан 10-20 жыл бойы бізде сақтау құрылғылары мәселесі мүлде болмайды", – деді Наурызбаев.
Сондай-ақ Наурызбаевтың сөзінше, еліміздің энергетика министрлігі АЭС салу бойынша еуропалық тәжірибені қарастыру қажет екенін жиі айтады.
"Энергетика министрілігі Германия АЭС салу бойынша тәжірибе жасап жатыр дейді. Осы сөзді айтқан адамдардың көңіл күйін түсіргім келеді. Себебі Германия тәжірибе жасап жатқан жоқ. Оларда бәрі әлдеқашан есептеліп қойған. Керісінше қазір еуропалық энергетикалық жүйелер әділетсіз деп танылған, жаңартылатын энергия көздерінің аздығымен күресіп жатыр", – деді Наурызбаев.
"Невада Семей" қозғалысының белсендісі Гүлсім Кәкімжанованың пікірінше, Қазақстанның атомнан тартқан зардабы аз емес.
"Адамдар радиацияның қасіретін әлі де тартып жатыр. Семей полигонында соңғы сынақ 1989 жылы 19 қазанда жасалды. Өйткені біз бұдан отыз бес жыл бұрын бас қосып, радиацияны ұнататындарға "жоқ" деп айта алдық. Халықтың радиациядан тартқан азабы енді ғана ұмытылып келе жатқанда, қатерлі тәжірибені қайталамайық!", – деді Кәкімжанова.
Сөз соңында спикерлер азаматтарды қорытындының әділ боларына сенсе де, сенбесе де, референдумға барып, өз ұстанымын білдіруге шақырды. "АЭС салынбасын!", "АЭС керек емес!" дегенді айту үшін сайлау учаскесіне барайық деді олар.