Еуро-2024: Футболдан Еуропа чемпионатының барлық қатысушысы белгілі болды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының ең соңғы қатысушылары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропа чемпионатының соңғы қатысушылары болып Польша, Грузия және Украина құрамалары тіркелді. Олар сейсенбі күні ұлттар лигасының плей-офф матчында Уэльс, Грекия мен Исландиядан басым түсті.
Ready for EURO 2024! 🤩#EURO2024 pic.twitter.com/Fb7WEdgJff
— UEFA EURO 2024 (@EURO2024) March 26, 2024
Еуро-2024 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Доп додасындағы жағыз дебютант – тарихи жеңісіне қол жеткізген Грузия құрамасы болмақ. Бұған дейін құраманың ең үздік нәтижелері – 1996 жылғы Еуропа чемпонаты мен 2002 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирлеріндегі үшінші орын ғана еді.
A dramatic play-off final win for Georgia! 🇬🇪#EURO2024 pic.twitter.com/7jPjer9NRF
— UEFA EURO 2024 (@EURO2024) March 26, 2024
Топтар мынадай болмақ:

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Грекия командасынан ірі есеппен жеңіліп қалды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев

