Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық одақ елдерінде маркетплейстер жұмысына ортақ ереже енгізіледі

Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде маркетплейстер жұмысына ортақ тәртіп қойылатынын мәлімдеді. Комиссияның хабарлауынша, одаққа мүше елдер ортақ ереже туралы келісім жобасын мақұлдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepık

Бұл жоба одақ аумағы арқылы өтетін материалдық және цифрлық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің еркін айналымына жағдай жасайды. Еуразиялық экономикалық одақ елдері аталған қызметтерге қосымша тарифтік не бейтарифтік шектеулер енгізе алмайды. 



"Маркетплейстер Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің бәріндегі сатушылар мен сатып алушыларға тең жағдайлар жасауға міндетті. Сондай-ақ тауар карталарын, тапсырыс туралы ақпаратты, тауар және ақша қаражатын қайтаруды рәсімдеу процестері бірегейлендіріледі", – делінген комиссия хабарламасында. 

Сондай-ақ бұл келісім жеке мәліметтерді қорғау және дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу шараларын қамтиды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар арасында танымал екі маркетплейс сатылатын тауарлардың сапасы үшін заң бойынша жауап беруге міндеттелетіні айтылған еді. 

Талқылау