Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық банктің жаңа банкоматтарында көзі нашар көретін клиенттерге арналған дауысты мәзір іске қосылды

Еуразия банкінің жаңа банкоматы
Еуразиялық банктің жаңа үлгідегі банкоматтарында дауысты мәзір қызметі іске қосылды. Ол көзі нашар көретін адамдарға арналған және өз бетінше қолма-қол ақша шығаруға, шотты немесе картаны толықтыруға, картадағы қалдықты тексеруге мүмкіндік береді. Сервис қазір банк жұмыс істейтін барлық өңірде бар. Мекенжайлар тізімі мына жерде.

Сервис қалай жұмыс істейді

Дауысты мәзірді қосу үшін құлаққапты стандартты 3,5 мм-лік жалғағышқа қоссаңыз, жеткілікті. Бұдан кейін экран автоматты түрде қараңғыланады, клиент деректерін қорғайтын "жасырын режим" іске қосылады.

Банкомат тілді таңдаудан бастап PIN-кодты енгізу мен операцияларды орындауға дейінгі әр әрекетті кезең-кезеңімен дыбыстайды. Қазір үш негізгі қызмет қолжетімді. Олар: қолма-қол ақша алу, шотты немесе картаны толықтыру және қалдықты тексеру. Мәзірдің баптаулары ғана дыбысталып қоймайды, сонымен қатар практикалық нұсқаулар да беріледі. Мысалы, карта қабылдағыш қайда орналасқаны, түбіртек қай жерден шығатыны немесе ақшаның қай жерден берілетіні туралы айтылады.

Үштілді интерфейс

Дауысты мәзір банк жұмыс істейтін барлық өңірдегі банкоматтарда мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Сонымен қатар банкоматтар пандусы, тактильді белгілері қарастырылған және қажет болған жағдайда клиентке жол сілтеуге дайын қауіпсіздік қызметкерлері бар сауда орталықтарына да орнатылған.

Нағыз инклюзивтілік

Жоба Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарға қаржылық қызмет көрсетудің бірыңғай ұлттық стандарты ескеріле отырып әзірленді. Тестілеу кезеңінде банк өкілдері зағип және нашар көретін азаматтардың ұйымдарымен және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапханамен кеңескен.

"Жан" мүгедектер құқығы жөніндегі Азиялық қоғамы ұйымының жетекшісі, сервисті тестілеуге қатысқан Ілияс Фаткулин өз әсерін бөлісті:

"Біз үшін мұндай банкоматтар – ыңғайлылығымен қатар өзімізді дербес сезіну мүмкіндігі. Барлығы өте жақсы жұмыс істеп тұр: банкомат әр қадамды егжей-тегжейлі түсіндіреді, бағдарды түсіну оңай. Енді бұл қызметті өзіміз сенімді түрде пайдалана аламыз. Ең бастысы – өз құлаққаптарыңды алып келу".
"Дауысты мәзір – әлемдік тәжірибеде бұрыннан қолданылып келе жатқан қолжетімді базалық стандарт. Біз инклюзивті ортаға және банк қызметтері барлық азаматқа қолжетімді болатын кезеңге сенімді қадам жасап келе жатқанымызға қуаныштымыз", – деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

Алдағы қадамдар

Банк дауысты мәзір нарық үшін жаңа қызмет емес екенін атап өтті. Алайда оны кең ауқымда енгізу және құрылғылардың үлкен желісі бұл жобаны ерекше маңызды етеді. Болашақта функциялар жиынтығын кеңейту және қолжетімді сервистерді дамыту жұмысы жалғасады.

Бұл жоба банктің көзі нашар көретін адамдарға арналған сервистерді бейімдеу жөнінде бұған дейін жүзеге асырған шешімдерін толықтырады. Бұған дейін eubank.kz корпоративтік сайты жаңартылып, оған әріп көлемін өзгерту сияқты арнайы функциялар енгізілген еді. Бұл нашар көретін клиенттердің банк өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратпен танысуына ыңғайлы жағдай жасайды.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

STAN.KZ
Сейсенбі, 30 Қыркүйек, 2025 15:09
Талқылау