Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 1С-тің R&D орталығы ашылды

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 1С-тің R&D орталығы ашылды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің және “1С Қазақстан” компаниясының қолдауымен аймақтық R&D орталығы ашылды. Жаңа орталық зерттеулер, студенттік стартаптар мен экономиканы цифрландыруға бағытталған қолданбалы жобалар үшін маңызды алаңға айналады.

Орталықтың ашылуы ЕҰУ-дің 30 жылдық мерейтойына арналды. Университет "1С Қазақстан" заманауи компьютерлік техникасын тапсырған алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болды. Жалпы меморандум аясында аталған техника еліміздің 10 мемлекеттік университетіне орнатылады.

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 1С-тің R&D орталығы ашылды

ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбайдың айтуынша, жаңа орталық бизнес-процестерді автоматтандыру саласындағы қолданбалы зерттеулер мен “1С:Кәсіпорын” платформасында шешімдер әзірлеуге арналған негізгі алаң болмақ.

“Орталық базасында білім беру бағдарламалары, практикалық семинарлар мен менторлық сессиялар жүзеге асырылады. Сондай-ақ студенттік бастамалар мен технологиялық стартаптарды қолдауға барлық жағдай жасалады. Бұл университеттің ғылыми әлеуетін экономиканың нақты міндеттерімен ұштастыруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Ардақ Бейсенбай.

Алғашқы айларда-ақ R&D орталығы біліктілікті арттыру курстарын іске қосып, студенттік жобалық топтарға қабылдау жариялап, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдармен бірлескен пилоттық зерттеулерді бастайды.

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 1С-тің R&D орталығы ашылды

“Бүгін біз жүйелі жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз: біздің бағдарламаларымыз бойынша білім алған студенттер қазірдің өзінде стартаптар құрып, алғашқы тапсырыстарын алуда. Біз үшін университеттік орта шынайы бизнес-жобаларға арналған алаңға айналғаны маңызды. Жаңа орталық осындай жетістіктерді кеңейтіп, оларды ұлттық экономика деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді”, – деді “1С Қазақстан" оқу орталығының жетекшісі Галия Керейбаева.

Салтанатты ашылу рәсімінде 1С негізінде әзірленген жобалары нақты секторда жұмыс істеп тұрған студенттер сөз сөйледі. Олар бизнес-процестерді автоматтандырудан бастап интернет-дүкендерді интеграциялауға дейінгі бағыттарды қамтиды.

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдығына орай 1С-тің R&D орталығы ашылды

Сонымен қатар “1С Қазақстан” Қарағанды индустриалдық университетімен және Alikhan Bokeikhan University-мен ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол қойды. Бұл серіктес жоғары оқу орындарының желісін кеңейтіп, бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларына жаңа мүмкіндіктер ашады.
 

Айым Болатқызы
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 17:04
Талқылау