Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ет пен сүт өнімдерін азырақ тұтына бастаған: Қазақстанда бір отбасы азық-түлікке қанша қаржы жұмсайды

2022 жылдың 3-тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда бір отбасы азық-түлікке 411 мың теңге жұмсаған. Әр ай бойынша есептегенде азық-түлік пен шылым, алкоголь сынды өнімдерге отбасы 137 мың теңге жұмсайды деген сөз. Бұл көрсеткіш 2021 жылдың 3-тоқсанымен салыстырғанда 10,3%-ға көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

азық-түлік

Тамаққа жұмсалатын шығындардың көбеюіне азық-түлік инфляциясының артуы мен азық-түліктің қымбаттауы әсер еткен. Сонымен қатар жалақы көлемінің де айтарлықтай ұлғаймауы салдарынан адамдар тағамға көбірек ақша үнемдейді екен. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бұған дәлел бола алады. Мәселен, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларымен салыстырғанда 2022 жылдың дәл осы кезеңінде қазақстандықтар сүт өнімдерін 9%-ға, ет пен шұжықты 8%-ға, жемісті 8,5%-ға және балық пен теңіз өнімдерін 5,3 %-ға аз тұтынған. Бұдан бөлек аталған өнімдер тобына деген шығын айтарлықтай өскен. Соның ішінде сүт өнімдері 18,8%-ға, қант пен тәттілер 17,7%-ға, жұмыртқа 13,2%-ға қымбаттады.


Айына азық-түлікке 300-350 мың теңге жұмсаймын - Көлгінов


Отбасылардың азық-түлік шығыны бойынша алғашқы екі орынды Түркістан мен Алматы облыстары алды. Мұнда тұрғындар тағам үшін 3 айда 516,6 мың және 512,7 мың теңге жұмсайды екен. Үшінші орында Маңғыстау облысы (495,2 мың теңге). Тоқсан бойынша азық-түлікке ең аз шығындалатын аймақтар қатарында Қостанай (274,5 мың) мен Абай (310 мың) облыстары бар. 

Қазақстандық отбасылар орташа есеппен тағамға табыстарының 55%-ын жұмсайды екен. Бұл оңтүстік аймақта тұратын отбасылардың шығынымен салыстырғанда аз болуы мүмкін. Дегенмен өзге елдердегі шығынмен салыстырғанда Қазақстан бұл әлеуметтік критерий бойынша соңғы орында тұр. 

РИА "Рейтинг" зерттеуіне сәйкес Еуразиядағы 39 елдің ішінде Қазақстан азық-түлік шығындары бойынша соңғы орында тұр. Мәселен, Люксембургте отбасы табысының тек 8,4%-ын тамаққа жұмсаса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 53%-ға тең. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 29 Желтоқсан, 2022 13:15
Талқылау