Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескі көліктің нөмірін жаңа көлікке қалай аустыруға болады

Ескі көліктің нөмірін жаңа сатып алған көлікке қалай сатып алуға болады. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

“Егер сіз ескі көлігіңіздің нөмірін жаңа көлігіңізге ауыстырғыңыз келсе, оларды тіркеу уақыты 30 жұмыс күнінен аспауы қажет. Бұл үшін төленетін баж 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап алынып тасталды”, – дейді Ирина Лукьянина.

Аталған уақыт ішінде ауыстырып үлгерсеңіз сіздің нөміріңізді ешкім алып қоймайды. Бұрынғы нөміріңізді алу үшін 2,8 АЕК (6734 теңге) баж төленеді.

1 қаңтардан бастап жоғалтқан нөмірді қайта қалпына келтіру үшін бұрынғыдай толық баж төлеу қажет емес. Қазіргі уақытта оған төленетін мемекеттік баж 1,4 АЕК (3367 теңге) тең.  Бұрын 2,8 АЕК (6734 теңге) болатын.

Тағы оқыңыз:

ШҚО тұрғындары бір жарым метрлік қасқырды қолға түсірді

Астана тұрғыны пәтерінің суықтығынан балаларын жетімдер үйіне өткізді

Алматыдағы сауда үйінен сатып алынған балықтың ішінен құрт шықты

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлердің алған сыйлығы да пара деп есептеледі

Талқылау