Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескерту, айыппұл, түрме: Қазақстанда жұмыста қырындап тиіскендердің жазасы қатаң болады

Қазақстанда заңнамаға харассмент ұғымы енгізіліп, жұмыста қырындап тиіскендердің жазасы қатаң болады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сүйене отырып. 

vkcyprus.com

Бұл жаңалықты Астанада жұмыстағы харассмент туралы дөңгелек үстелге жиналған мамандар хабарлады. Ш. Қабылбеков атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының ІІБ әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы Сергей Корнейчуктің сөзіне сенсек, харассмент туралы жаңа заң жобасы парламентке жіберіледі. 

“Бізде харассмент ұғымы жоқ. Жұмыстағы харассмент аз талқыланады. Сондықтан сізге бүгін жұмыста қырындап тиісіп, басынатындарға ықпал ететін заң жобасын ұсынғалы отырмыз. (...) БАҚ-та харассмент туралы көп айтылады, дегенмен жауаптыларды жазаға тарту қиынға соғады, тіпті органдардың өздері мұндайда не істеу керегін білмейді. Заңнамада бірнеше бап бар, бірақ оларды пайдалана отырып харассментпен күресе алмаймыз.  Біз харассмент ұғымын енгізгіміз келеді. Ол Қылмыстық кодекстің 3-бабына енсе екен дейміз”, – дейді Корнейчук. 

Дөңгелек үстелдің басына жиналғандар харассмент жасағандарды төрт түрлі жазалау қажет дейді.

“Жаза төрт түрлі болса екен дейміз: қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті енгізер болсақ, жұмыс беруші өзгеге қырындап тиіскенді жазалай алады. Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекске арнайы норма енгізгіміз келеді. Қылмыс 23-бапты жетілдіргіміз келеді. Ал Еңбек кодексінде жетекші қырындап тиіскендерді жазалай алуы үшін оның құзыреті мен құқығын көбейткіміз келеді”, – дейді оқытушы. 

Оның айтуынша, болашақта харассменттің жеңіл жазасы ескерту мен айыппұл болмақ. Оның көлемі – 5 АЕК (15 315 теңге). Ал жұмысшы әрекетін қайталар болса, 15 күнге қамалып, жұмыстан шеттетіледі, сол лауазымда істеуге тыйым салынады. Жұмысшының қырындап тиіскенінен сот қылмыс белгілерін тапса, онда оны бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыра алады. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр