Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есқалиева жартылай жалаңаш жігіттердің биін көріп, күлкісін тоқтата алмаған

Жұрт дүркіретіп Луинаның туған күнін атап жатқан кезде қазақ шоу бизнесінің енді бір бөлігі танымал сәнгердің дастарханында бас қосты. Jado ханым алыс-жақындарын жинап, өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өткен-ді. Аталған тойға Әлішер Кәрімов, Әйгерім Қалаубаева, Санда, Нағима Есқалиева, Айжан Нұрмағамбетова, Ғаділбек Шүренбай сынды жұлдыздар келген. Кеш барысында жартылай жалаңаш жігіттер би билеген. Ал мұны тамашалаған Нағима Есқалиева күлкісін тия алмаған.

image

Фото: іnstagram.com/nagima_yeskaliyeva/?hl=ru

Бұл туралы “Ревю” хабарлайды.

Жадыра ханымның қуанышын бөлісуге келген достары тілек айтып қана қоймай, ерекше тосын сыйлар ала келген. Солардың бірі – тұлпар мен стриптиз билейтін екі жігіт. Аталған биді көрген Нағима Есқалиева ерекше ықылас танытқан. Әріптестері оның эмоциясын сөзбен жеткізе алмайтындарын айтып жатыр.

Кеш басында екі дәрігер жігіт туған күн қонақтарының бірін ортаға алып билейді. Әлгі бойжеткен ыңғайысыз жағдайға қалып, орнына тұра жүгіреді.

“Мен Нағиманың реакциясы туралы айта алмаймын. Ол стриптизді көрген кезде әбден күлді. Өз арамызда қалжыңдасып та алдық”, – дейді Айжан Нұрмағамбетова.

Жігіттердің биінің ерекше болғанын әншінің өзі де жасырмайды.

“Кештің басында стриптиз билеген жігіттер мені қатты таң қалдырды. Оларды сәл кейінірек, кештің соңында шығару керек еді ғой”, – дейді Нағима Есқалиева.

Әнші кештің соңында билеткізбедіңдер деп ренжісе де, барлығы кеш бойы осы биді сөз қылған. Барлығы дерлік ұялып отырған. Ішінде Әлішер Кәрімов бұл сөздің өзіне еш қатысы жоқ екенін айтады.

“Мен неге өзімді жайсыз сезінуім керек? Биледі, өнер көрсетті. Мен бұл жерде бетті жауып ұялатындай дүние көріп тұрған жоқпын”, – дейді Кәрімов.

Ал бұл жаңалықты естіген Санда кешке кешігіп келгені үшін қатты өкінген. Ол бұл сыйлықтың Жадыра ханымға сөзсіз ұнағанына сенімді.

Ал сәнгер ханым бидің өзіне ұнағанын айтып қана қоймай, сыйға келген жылқыны соғымға соятынын айтты.

Талқылау