Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есіріп кетпесе болды": Гүлзира Айдарбекова келіндерін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қос келіні туралы жеке парақшасына әзіл видео жүктеп, оқырман қауымның ойын білді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Желіге жүктеген видеода  продюсер ене үйден шыққан бойда келіндерінің қуанып, би билеп кеткенін көруге болады. 

"Ал мен кеттім, келіндер барлығы осылай қуана ма екен?! Ал сіздер ше, келіндер? Шынымен осылай ғой, өздерімен өздері еркіндік. Әзіл ретінде түсірдік", – деп жазды ол. 



Желі қолданушылары жаппай пікір білдіріп, ене мен келін арасындағы татулыққа негізделген қарым-қатынасты сипаттап жатыр. Өз кезегінде продюсер де пікір білдірді. 

“Екеуінің қайсысы жақсы” деп Нүрекең екеуіміз жауабын таба алмадық. Екеуіне де көз тимесінші. Қызымыздай болып жүр, ең бастысы адал, өтірігі, екіжүзділігі жоқ. Құдайдан сұрарымыз да сол, келінім адал болсыншы деп сұраудан жалықпаймыз. Өмірдің мәні де сәні де ұрпағымызды жалғастырар осы келіндер ғой. Тек жақсылық жасаған сайын есіріп кетпесе болды. Біз тек жағдайларын реттеп беруге көмектескеніміз болмаса күніге жолдамыз ғой. Мұздатқыштарын, кем-кетігін толтырып бергенімізге мәз болып жүре береміз сол. Тапқанымызды бөлмелеп, “анау ренжіп қалмасын, мынау тырысып қалмасын” деп уайымдап жүреміз”, – деп жазды продюсер. 

 

Талқылау