Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есінен тандырды": Алматыда көшенің ортасында төбелескендер ағайынды болып шықты

Алматыда көшенің ортасында екі адам төбелесіп, біреуі есінен танып қалды. Олардың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

төбелес

Видеодан екі ер адамның біреуі қатты соққыдан кейін есінен танып құлағанын көруге болады. Оқиға Алматы-2 вокзалының жанында болған.

Алматы полиция департаментінде төбелеске қатысқандардың ұсталғаны туралы хабарлады. Екеуі де 21 шілдеде полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Олар туған бауырлар екен. Бірге ішімдік ішкен. Олардың арасында кикілжің болған. Содан кейін олар көшеге шыққан. Үлкені інісіне дене жарақатын сала бастаған. Екеуі де бөлімшеге жеткізілді. Олар мас болып, бір-біріне арыз жазған жоқ. Бірақ олармен алдын алу әңгімелерін жүргіздік", - деді Алматы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by @kris_p_almaty +21 | 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.online) on

STAN.KZ
Сәрсенбі, 22 Шілде, 2020 14:30
Талқылау