Есіміңді аспанға жазғым келеді: Анасын туған күнімен құттықтаған Ерке жұрттың жүрегін елжіретті
Қолымнан келсе, есіміңді аспанға жазамын! Өмір сыйлаған анасына деген ақ тілегін Ерке Есмахан осылай деп жеткізді. Осыдан бір сағат бұрын анасын туған күнімен құттықтаған өнер иесі оған деген махаббатын жеткізіп, тыңдармандарының жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.
“Мені 9 ай құрсағында көтерген, түн ұйқысын төрт бөліп мəпелеген, өмір бойы жүрегінде ұстап жүрген, тəрбие-білім берген, өнерге баулыған, сұлулыққа құмартып өсірген аяулы Анашымды құттықтаймын! Бүгін ол тағы 18-ге толып жатыр. Əлемнің бар жақсысын анашымның аяғының астына төсегім келеді, есімін аспанға жазғым келеді, даланың барлық əдемі гүлін теріп əкеп, құшағын толтырғым келеді…
Анашым! Мама! Алла күш-қуатыңызды арттыра берсін! Сұлу жүзіңізді мұң шалмасын! Жаратқан ием өміріңізді құт-берекелі ете берсін! Мен Сізге мəңгі қарыздармын! Папа екеуіңіз ескірмеген махаббаттарыңызбен бəріне үлгі боп жүре беріңіздер! Сізді қатты жақсы көрем! Сізге деген шексіз махаббатым мен құрметімді жеткізе алатын сөз жоқ шығар, сірə… Достар, көптің бірі – Қыдыр! Менің анама тілектеріңіз болса, жаза отырыңыздар. Мама инстаграмда отырады. Оқып, қуанады! Рахмеееееет!”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді Ерке.
Әріптестері мен желі оқырмандары Еркенің анасын жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Еркенің ата-анасы Әбдіраш ақсақал мен Мақпал әжейдің отасқанына былтыр 50 жыл толған. Әнші Ақтөбе төрінде өзіне өмір сыйлаған жандарға арнап дүркіретіп той жасаған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев Мейрамбек Бесбаевтың отбасына қатысты ел білмейтін құпияны ашты
Аяп кеттім: Ақын Алагөзов Төреғалиге қасақана қастандық жасалғанын мәлімдеді
Қалдыбек Құрманәлі жұлдыз ауруына шалдыққан әншілердің бетпердесін ашты
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Роза Әлқожа артық салмағы үшін жылдар бойы елден қысылып келгенін айтты