Есеп комитетінің аудиторлары «Қазавтожол» басшылығынан пара алу кезінде ұсталды
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бас мемлекеттік аудиторлары Копобаева пен Жәңгірбаева ұсталды.
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Жоспарлы тексеріс жүргізу кезінде лауазымды тұлғалар “Қазақавтожол” РМК бас директоры Мұқашев пен оның орынбасары Шәмішевтен мақсатсыз жұмсалған бюджет қаражатындағы олқылықтарды аудиторлық есепте жасырып қалу үшін 16 000 000 теңге көлеміндегі параның бір бөлігін алған», – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.
Схемаға «Қазақавтожолдың» барлық облыстағы филиал басшылары тартылғаны белгілі болды. Олар мемлекеттік аудиторлар үшін пара жинаған. Аса ірі көлемде пара алғаны үшін бас мемлекеттік аудиторлар Копобаева мен Жәңгірбаева, пара берген бас директор Мұқашев, оның орынбасары Шәмишев, бас есепші Қорғанова, бөлім жетекшілері Елемесов, Әжіғұлов, сондай-ақ, “Қазақавтожол” облыстық филиалдарының басшылары тұтқындалды. Әзірше олар Астана қадасы ІІД уақытша ұстау изоляторына жабылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Жіберіп алмаңыз:
Астанада алматылық бойжеткен кафеден өзгенің тонын киіп кетіп қалған (видео)
Шымкентте құны 10 миллион теңге тұратын көкпар жылқысы ұрланды
Оралда көлік үйдің қабырғасын бұзып, қонақ бөлмеге дейін кіріп кеткен (видео)
Алматы тұрғыны әпкесінің өлімі туралы жалған куәлік жасатып, пәтерін иемденіп алған