Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте құны 10 миллион теңге тұратын көкпар жылқысы ұрланды

Соңғы кездері мал ұрлығы жиілеп кетті. Оның себебін тұрғындар ұрылар ұсталғанымен де жазадан құтылып кететі­німен байланыстырады.

10limon

Ал құқық қорғау орындары жәбірленушілер өзара келісіп, кешірім берген­діктен ұрыларға қатаң шара көре алмайтындықтарын алға тартады, деп жазады Замана газеті.

Қалай болғанда да елде ұрлық жасап ұсталғандар­ға қатысты заң талаптарын қайта қарау керек секілді. Әйтпесе қорасындағы соңғы малынан айырылғандардың саны күн санап көбеймесе, азаймайтын секілді.

Мысалы, Сарыағаш қаласының «Самал-3» ықшамауданы өз алдына жатқан бір бақылаусыз аймақ секілді. Бұл жақта кім немен айналысып жатқаннымен ешкімнің шаруа­сы жоқ.

Өткен 9-желтоқсан күні ұрылар «Самал-3» шағынауданынан бір атты, «Пассат» көлігін және «КамАЗ» жүк көлігінің құны 85 мың теңгелік  аккумуляторын ұрлап кеткен. Ал ертесіне ұрыларды іздеп жүрген полицейлердің тұмсығының астынан тағы бір көліктің аккумуляторы ұрланды. Сонда ұрылар ауылда ойларына келгенін істегенде полиция қайда қараған? Ұйықтап жатқан ба, әлде өздеріне тиімді жұмыстармен айналысқан ба? Бұл сұраққа олардың өздері жауап берер, әзірге біз жәбірленушінің бірін әңгімеге тартқанды дұрыс көрдік.

«Біздің қорамыздан көкпарға түсіп жүрген атты ұрлап кетті, – деді Сәуле Полатоваесімді әйел. – Содан бір аптадай бұрын үйге біреулер келіп саудаласқанда 10 миллион теңгеге сататынымызды айттық. Олар алғашында 5 миллион, кейін 7 миллион теңге бермекші болды. Біз ат өзіміздікі еместігін, ағамыз 10 миллионнан кемге сатпа дегенін айтып бермей қалғанбыз. 9-желтоқсан күні түн жарымында шыққанда ат қорада тұрған. Таңертең тұрсақ, ол жоқ. Полицияға арыз жаздым, олар келіп сұрады, жазатындарын жазды, енді содан нәтиже шықса жақсы болар еді. Күйеуім бір хабары шығып қалар деп іздеп жүр. Бірақ одан да нәтиже шығар емес.

Бір таңқаларлығы, біздің жылқы ұрланған түні осы төңіректегі ауылдасымыздың 350 мың теңгеге сатып алған «Пассат» көлігін ауласынан алып кеткен. Басқа да ұрлықтар болып жатыр. Сонда бұл ұрылар ешкімнен қорықпайтын болғаны ма?»

Расында соңғы кездері Сарыағашта ұрлық көбейіп кетті.  Ұрылардың басынғаны сондай, олар өрістегі бір-екі малды місе тұтпауда. Ондап, жиырмалап бір-ақ алып кетеді. Бұдан сарыағаштық құқық қорғаушылар қорытынды шығара ма, әлде ұрлық жалғасын таба бере ме?

Жіберіп алмаңыз:

Оралда көлік үйдің қабырғасын бұзып, қонақ бөлмеге дейін кіріп кеткен (видео)

Алматы тұрғыны әпкесінің өлімі туралы жалған куәлік жасатып, пәтерін иемденіп алған

Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді

Қостанайда есірткі тасымалдаушы сыбайластарымен байланысу үшін 64 телефон пайдаланған

Талқылау