Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаеваның шетелдегі қызы жастарды армандай білуге, оның орындалуы үшін күресуге шақырды

Баян Есентаеваның үлкен қызы Айсәуле Бақытбек өзінің Instagram парақшасында туған елге деген сағынышын жеткізіп, жастардың өмірінде білімнің алатын орны туралы ойымен бөлісті.

2

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле “Болашақ” бағдарламасымен білім алу көпшіліктің ғана емес, өзінің де арманы екенін ашып жазды. Дәл қазір АҚШ-та осы бағдарламамен білім алып жатса да, грант ұтып ала алмағанына өкінетін сыңайлы.

Алып елге сапарына бір апта қалып, студенттік визасын алған кезде, бір қызбен танысып, одан Америка туралы сұраған екен. Әлгі танысының аты есінде болмағандықтан, неге екені белгісіз, Айнұр деп атауды жөн көрді. Одан барлық мән-жайды сұраған соң мүлдем ұмытып, Болашақ бағдарламасын да қайтып еске алмаған екен. Араға біраз уақыт салып, өзі де “Болашақ” бағдарламасымен білім алуға АҚШ-қа аттанады. Сол жақта жүріп әлгі қызды азық-түлік дүкенінен жолықтырып, қатты таңқалады. Тіпті, барған қаласында жалғыз қазақ емес екеніне көз жеткізеді. Бұдан өзге, өзінің туған елге сағынышы туралы: “Ирвайнге келген кезде жүрегіме жақын қазақы келбетті көру дефицитке айналды. Үнемі кешігетін, 16 рет шай ішетін қазағымды сағындым… Оған қоса менімен бір қалада бір-ақ қазақ емес, бірнеше “Болашақ” бағдарламасымен келген оқушылар бар екен. Осыны естіп қатты қуандым. Еліміздің болашағы – жас ұрпақтың терең білімінде!”, – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

1

Естеріңізде болса, Айсәуле Бақытбек осыған дейін қазақ халқы мен оның комплекстері туралы пікірімен бөліскен кезде, “керемет Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрғанда неге шетелде жүр?” деп сұрағандар да болды. Бұл сұраққа “Мен халықаралық деңгейдегі журналист болғым келеді. Ал Америкадағы білімнің бәрінен де жоғары екенін қайталап айтудың қажеті жоқ шығар” деп болашақта тек қазақ, орыс тілдерінің ғана емес, ағышын тілінің де өте қажет екенін айтқан болатын. Бойжеткен бұл жолы да өзінің жазбасымен жастарды білімді болуға шақырды.

Жазбасының соңында тек оқушыларға емес, баршаға арналатындығын, арманымыз болса, ол үшін аянбай күресуіміз керектігін қосты.

Жіберіп алмаңыз:

12237067_925384810874589_96188751_n-1040x692Дочь Баян Есентаевой поделилась размышлениями о “комплексах” казахской нации

Талқылау