Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева биліктегілерден бала өліміне себепші болған баспалдақты жөндеуді сұрады

Баян Есентаева Алматы әкімдігіне Медеудегі баспалдақтарды жөндету туралы өтініш білдірді.

17661849_756837144479961_5998125448968536064_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева осы уақытқа дейін Медеуде қыдырып жүрген бірнеше видеосын бөліскен-ді. Ол денсаулық баспалдақтарымен жүргенді ұнатады екен. Бірнеше сағат бұрын ол Алматы әкімдігінен аталған баспалдақты жөндетуді сұрады.

«Медеудегі баспалдақтар маған ерекше ұнайды. Менің түсіріп тұрғаным – сол баспалдақтың ең қорқынышты жері. Оны айналып өту мүмкін емес. Тіпті аяғының өлшемі кіші азаматтар бұл жерден оңайлықпен жүре алмайды. Видеодан оның қаншалықты анық көрініп тұрғанын білмеймін. Мұнда күнделікті көп адамның келетіні сөзсіз. Өтірік айтпасам, дәл осы жерде кішкене бала қайтыс болған. Әр кез шеттегі жақтаудан ұстап түсуіме тура келеді. Қала билігінен осы баспалдақтарға назар аударуды сұраймын. Оларды жөндеу керек. Әйтпесе, адамдардың өміріне қауіп төндіреді», – дейді продюсер.

Желі қолданушылары да Баян ханымның сөзін қоштай түсті. Арасында жағымсыз пікір білдіргендер де бар. «Мен келісемін! Бұл баспалдақтармен әрең жүріп өтемін!», «Қала билігінің назарын өзіңізге аударғыңыз келсе, бұл видеоны соларға жіберіңіз. Оны бізге көрсетудің не керегі бар?!», «Қатты уайымдасаң, оны өзің жөнде», «Дұрыс айтасыз! Жөндетсін! Ол жер өте қауіпті!» деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Итальяндық әнші Сон Паскаль қазақ қызымен шаңырақ көтермек

Ақын: Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабек біраз ақынның обалына қалды

Сақалды Кончита өзін-өзі “өлтірді” (фото)

Мұхаммед Әлидің қызы Димашқа жанкүйер болып жүр

Талқылау