Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ержан Иманісләм Павлодар қаласының әкімі болып тағайындалды

Павлодар облысының әкімі қаланың жаңа басшысын халықпен таныстырды. Ол қаланың бұрынғы тәкімі Нүкеновке атқарған қызметі үшін алғыс айтып, жаңа басшылыққа жаңа талап қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар қаласының әкімі қызметіне Ержан Иманісләм тағайындалды. Өңір басшысы жаға әкімге жаңа талаптар қойып, алдағы уақытта қай бағытта жұмыс жасау керек екенін түсіндірген. 

"Басты міндеттердің бірі – экономикалық өсімді қалпына келтіріп, бизнестің дамуына жағдай жасау. Павлодарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда, әрбір жобаның сапасы мен мерзімін қадағалау қажет. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылысы, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы және жылыту маусымына дайындалуға байланысты бірқатар міндет тұр. Тұрғын үй құрылысының нақты, стартегиялық бағдарламасы қажет. Бірақ әкімдік жұмысының басты көрсеткіші – қала тұрғындарының қанағаттануы мен тұрғындардың билікке деген сенімінің артуы. Қала әкімдігіне тұрғындармен тікелей диалогты нығайту қажет", - деді облыс әкімі.

Ержан Иманісләм 1972 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

1991 жылы Красноармейка ауыл шаруашылығы техникумын (техник-механик), 2007 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (құқықтану бакалавры), 2014 жылы Инновациялық Еуразия университетін (экономика және бизнес бакалавры) және 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін (тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану саласындағы бакалавр; заң ғылымдарының магистрі) бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы Қашыр ауданы, Калиновка ауылындағы құрылыс учаскесінде жұмысшы болып бастаған. Техникумнан кейін Ержан Имансләм Қашыр кентіндегі құрылыс материалдары мен конструкциялар комбинатында ұста-сантехник болып жұмыс істеді. Шекара әскерлеріндегі қызметтен кейін Павлодардағы «Энергожилстрой-1» құрылыс басқармасының монтажшысы болды.

1994-2000 жылдар аралығында Ержан Иманісләм Қашыр ауданының ішкі істер бөлімі мен прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.2005-2008 жылдары Қашыр ауданының әкімдігінде жұмыс істеді, оның ішінде әкім аппаратына басшылық етті. 2008 жылдан 2011 жылға дейін Ақсу қаласының әкімдігінде жұмыс істеді, қала әкімінің орынбасары болды.

2011-2013 жылдар аралығында Павлодар әкімі аппаратының басшысы, 2013-2014 жылдар аралығында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2017 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында индустриалды-инновациялық даму басқармасында қызмет атқарды, сондай-ақ Тайынша ауданының әкімі болды. 2020 жылғы 27 шілдеде Павлодар әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызмет атқарды, оның ішінде ИИДМ комитетінің машина жасау басқармасын басқарды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр