Ертең футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстанға қарсы ойнайды
Ертең 30 тамыз күні футболдан Қазақстан мен Қырғызстан ұлттық құрамалары Бішкекте жолдастық кездесу өткізеді.
Фото: info-tses.kz
Қазақстан-Қырғызстан матчы Мәскеуде өрттен қаза тапқандарды бір минуттық еске алумен басталады.
Букмекерлердің пікірінше қазақстандық футболшылар бұл кездесудің басты фавориті. Қазақстан құрамасының жеңісіне 1.3-1.5 коэффициенттері беріліп тұр. Ал Қырғызстан құрамасына берілген коэффициент 10-нан асып кеткен. Ал матч тең аяқталады дегенге 4 коэффициент берілген.
Кездесу Астана уақыты бойынша 19.00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Kazsport телеарнасы көрсетеді. Матчқа Чарымурат Курбанов бастаған түрікменстандық төрешілер бригадасы төрелік жасамақ.
Бұл Қазақстан құрамасының күзде басталатын іріктеу компаниясы алдындағы дайындығы. 4 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасын қабылдайды. Қос құрама бір-бірімен соңғы рет 2014 жылы қыркүйек айында кездесіп, Қазақстан құрамасы қарсыластарын 7:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.