Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шешемді аямағандар ағаларымды да аямайды": Атамбаевтың ұлы әкесінің басты қателігі туралы айтты

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев ашық сұхбат беріп, әкесінің сенгіштігі өзіне кері әсерін тигізіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Жаңа тұлғалар» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қадыр Атамбаев

«Ағаларым іске қатысты материалдарды жұртқа жария етпеу туралы құжатқа қол қойғанын білемін. Сол себепті мен оларға қатысты қылмыстық істің бар-жоғын айтуға болатын-болмайтынын да білмей отырмын. Менің шешемді аямаған адамдар, яғни анама қатысты жалған бірнәрселерді ойлап тапқан адамдар мұндайды ағаларыма оп-оңай жасайтынына сенімдімін. Маған да, біздің отбасымыздың барлық мүшесіне де осылай жасалуы мүмкін. Білесіздер ме? Бұл – Қоқан стилінде кек алу», - деді Қадыр Атамбаев. 

Әрі қарай ол қандай жағдай болса да, отанынан кеткісі келмейтінін айтты. Сондай-ақ, Атамбаевтар отбасын болып жатқан жағдайларға лайық деп танығандарға жауап беді. 

«Мен осы жерде болуым керек. Бұл – менің ата-балаларымның жері. Бұл үй менің әкемнің тегінің символы іспеттес. Біздің басқа тұратын жеріміз жоқ. Бұл – мен және менің отбасым тұра алатын жалғыз жер. Мен бұл жерден кеткім келмейді. Көп адам бумеранг эффектісі туралы айтып жатыр. «Атамбаевтар осы нәрсеге лайық» деуде. Мұндай көреалмаушылық ешуақытта жақсылыққа әкеліп соқпайды. Екіншіден, менің әкемнің кеңесшісі болған азаматтар, әкемді «Ананы жауып тастау керек. Былай жасау керек» деп бағыттап отырған азаматтар қазір билікте отыр. Бұл менің пікірімше. Менің әкемнің қателігі – сенгіштігі», - деді экс-президенттің ұлы. 

Сондай-ақ, Қырғызстанда әділдік барына, ерте ме, кеш пе әкесінің босап шығатынына сенетінін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Алмазбек Атамбаевқа жемқорлық пен кісі өлтірді деген айып тағылып, 26 тамызға дейін қамауға алынғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қадыр Атамбаев қайыспай, бұл жағдайда төзімді болатынын айтқан еді

Талқылау