Ерсі қылықтар жасайтын астаналық таксист жігіт қалай пранк түсіріп жүргенін айтты (видео)
Қайрош есімді жігіт таксиші болып жүріп танылды. Қайрош пранкті қалай түсіретінін айтты.
“Мен шынында да Астанада таксишімін. Пранк түсіру ойыма аяқ астынан келді. Такси бола жүріп пранк түсірем. Жолаушылар видео түсіріліп жатқанын білмейді. Бәрі шынайы оқиға. Олар мені есі ауысқан біреу деп ойлайды. Өзім өмірде балағат сөздер айтпаймын, жаман әндер тыңдамаймын. Насыбай атпаймын. Арақ-шарап ішіп, насыбай ататындардың, мәдениетсіз адамдардың сырт көзге қалай көрінетінін көрсеткім келді”, – дейді Қайрош.
Айтуынша, Қайрош тек пранк түсіруші. Оны желіге салып, қаралым жинау жағын ағасы Төреш өзі қолға алған. “Немене” арнасында жарияланған пранктер тез арада көп қаралым жинап үлгерген.
Қайрош “Өз ойым” бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызымен пранк ойнап көрсетті. Бағдарламаға Қайроштың видеосына түскен бойжеткен де шақырылды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
