Эррани мен Вавассори US Open–2025 турнирінде аралас жұптар арасында жеңімпаз атанды
Фото: WTA
АҚШ-тың ашық чемпионатында аралас жұптар арасындағы финалдық матч өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шешуші ойында италиялық Сара Эррани мен Андреа Вавассори поляк Ига Швёнтек пен норвегиялық Каспер Рууд дуэтін 6:3, 5:7, 1:0 (10:6) есебімен ұтып, турнир чемпионы болды.
Кездесу 1 сағат 31 минутқа созылды. Италиялық жұп төрт эйс жасап, екі рет қос қате жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды. Қарсыластардың еншісінде екі эйс, төрт қос қате және үш брейк-пойнттың барлығын жүзеге асыру бар.
US Open–2025 жарысының жалпы жүлде қоры 90 миллион долларды құрады.
Айта кетейік, турнирдің негізгі матчтары 24 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтуде. Ерлер арасындағы жекелей сынның қазіргі чемпионы — италиялық Янник Синнер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

