Ернар Айдар жол апатынан кейінгі жағдайын айтып, көзіне жас алды
Күні кеше сүйіктісін көрсеткен Ернар Айдар біраз уақыт бұрын жол апатын түскен еді. Әнші Хабар арнасындағы «Тікелей эфир» бағдарламасында басынан өткен ауыр күндерін еске алды.
«Денсаулықтың қадірін сол кезде білдім. Өз аяғыммен жүре алмағандықтан, тіпті, әжетханаға да жете алмайтын күйде болдым. Достарым апарып-әкеліп тұрды. Есіме түссе, күніге көзден жас шығады. Өткеніңді ойлайсың. Енді денсаулығым келсе, бәрі басқаша болады деп ойлайсың. Әуелі Алла, одан кейін дәрігерлер жанымды аман алып қалды. Мен ота жасатуға қарсылық білдірдім. Алайда дәрігер досым жасайық деп қоймады. Егер ота жасатпасаң, бір жылдан кейін аяққа тұра алмайсың деген сөздер де болды. Ата-анама рахмет! Әкем келіп, шешімін кесіп айтты. Сонымен қатар, тілеуімді тілеген халқыма рахмет», – дейді әнші көз жасына ерік беріп.
Әнші әкесінің сөзі тура келіп, денсаулығы жақсарғаннан кейін отау көтергенін айтты.
«Балам, бұл саған берілген үлкен сынақ. Көңілім мен жүрегім сезеді, бұдан кейін басыңда үлкен қуаныш болады деді әкем. Айтқаны дәл келді. Келін түсіріп, үлкен той жасадық», – дейді әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Дәурен Айдарқұлов Ақботаны туған күнімен ерекше құттықтады
Америкалық вирусты «Қайда?» әнін акцентсіз орындап шықты
Артистер тартылған Аралда би биледі (видео)
Ақтаулық тұрғын аквариумдегі бекірені ұрлаймын деп ұятқа қалды (видео)