Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ернар Айдар дертіне дауа іздеп Кореяға бармақ

Өткен айда жол апатына ұшыраған Ернар Айдар өз күшімен аяққа тұрғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады. Алайда әнші әлі де медициналық көмекке зәру көрінеді. Ол денсаулығын жақсарту мақсатында Қытай немесе Корея еліне баратынын тілге тиек етті.

18382457_427243670982334_1372937917378330624_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қымбатты қазақ елі! Алланың қалауымен араға 1 ай уақыт салып бүгін міне өз күшіммен аяққа тұрып, тәй-тәй басқан жайым бар. Еліміздің медицинасына басымды ием, қысқа мерзімде сауығуға айтулы қадам бастырып отыр. Сіздердің маған тілеген дұғаларыңыздың қабыл болуы деп білем! Дегенмен алдағы уақытта жағдайымды одан да жақсарту мақсатында, көрші Қытай немесе Корея еліне сапарға шықпақ ойым бар. Рақмет сіздерге, менің тілекшілерім”, – дейді Ернар.

Есте болса, сәуірдің 11-нен 12-сіне қараған түні әнші Ернар Айдар продюсерімен бірге жол апатына ұшыраған болатын. Омыртқасы сынған әнші бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Ернар біраз уақытқа дейін есін жинай алмады. Сәуірдің 14-і күні Ернар есін жиды. Араға бір апта салып ауруханадан шықты. Дәрігерлер Ернардың бір ай бойы отыруына тыйым салған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Құралай Нұрқаділова әкесінің басынан өткен бір оқиғаны айтып берді

Нұртас Адамбай Головкиннің командасына ол туралы кино түсіргісі келетінін айтып өтініш білдірді

Димаштың әкесі: Қайрат пен Төреғали қазақ тілінің дамуына үлкен себепкер болып отыр

Анасы: Димаш өте сабырлы. Тіпті, бізге басу айтады

Талқылау