Ермек Тұрсынов бұған дейін мемлекеттен ақша сұрап, Қазақстаннан кетіп қалған
Фото: tursunov_ermek Instagram парақшасынан алынды
Мәдениет комитетінің кинематография бөлімінің меңгерушісі Ғани Мұратов мемлекет тарапынан Ермек Тұрсыновқа үнемі қолдау көрсетіліп келгенін мәлімдеді. Ол билік режиссердің Қазақстаннан кетуіне қатысты пікір бере алмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін белгілі режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кететінін мәлімдеген еді. Айтуынша, оны елден қуып шыққан. Оның әйгілі туындылары – "Шал", "Кемпір", "Кенже", "Жат", "Шырақшы" фильмдері.
Мұратовтың айтуынша, Тұрсынов мемлекеттен қаржы алды. Оның 500 миллион теңгеге фильм түсіру жұмыстары көктемде жүріп жатқан. Кейінірек 20 миллиард теңгеге жобаға ұсыныс түскен.
"Бұл оның шешімі. Мемлекет Тұрсыновты әрқашан қолдады және қолдауға дайын болды. Ата Заңымыз сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді. Ол концерттер беріп, кітаптар шығарды. Биыл ол питчингке үш жобаны ұсынды. Ешқандай тыйым көріп тұрған жоқпыз”, – деді Мұратов.
Мұратов Ермек Тұрсыновтың "Қазақфильмде" ресми жұмыс істемейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Ермек Тұрсынов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Сөзінше, Қазақстанда мәдениет саласы дамиды деп үміттенбейді. Оның үстіне өзіне де үнемі қысым жасалатынын жазды.
"Әрине, мұның бәрі көңі-күйді түсіреді. Бірақ мен басқа амал көріп тұрғаным жоқ. Бәрін қалай бар, солай айтсақ, мені елге сыйғызбады", – деп жазды ол.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
