Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балаға шұғыл көмек қажет

Алматылық 10 жасар балаға шұыл көмек қажет. Ақпан айынан бастап ауырып, өкпесіне су жиналған Айбектің анасы видео арқылы халықтан көмек сұрады.

Қазір үміттері үзілмеген ата-ана бар жиған-тергенін алып, ұлын дереу Оңтүстік Кореяға емдетуге алып кетіпті, деп хабарлады Алматы арнасы.

Анасының айтуынша, отандық дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймағандықтан, тиісті ем жүргізілмей келген.

Қазір отбасының шетелде 2 аптадан бері тек анализ өткізудің өзіне 10 мың доллар кеткен. Енді ауруды анықтап, тиісті ем жүргізу үшін ата-анаға қомақты қаржы керек. Амалы таусылған анасы халықтан видео арқылы көмек сұрады.

“Құрметті халқым! Мен мамасы Оңалбаева Венера, ұлымыз Жебеген Айбектің еміне көмек сұраймын. Зерттеу құны бір бөлек, диагноз қойылған соң емдеу құны бір бөлек. Осымен, ары қарай зерттеу және диагнозын қойып, емін бастау үшін халықтан қаржылай көмек сұрап жатырмыз. Баршаңызға, алдын ала алғысымды білдіремін! Сіздерден қаржылай көмек сұраймын”, – деді анасы видеода.

Мектебінің озат оқушысы керней мен фортепиано үйірмелеріне барады. Бірнеше фестивальдерде, конкустарда ешкімге дес бермей, жүлделі орындарды иеленіп келген. Сондай-ақ,отандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Байланыс нөмірі: 8707 720 71 60

Тағы оқыңыз:

Қайтыс болғаннан кейін трансплантациялау үшін ағзаларды қалай беруге болады

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Талқылау