Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір көзінен айырылған Римманың анасы қазақстандықтардан көмек сұрады

Бала кезінде от-шашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқароваға осы күнге дейін 9 ота жасалған. Бойжеткен міне, 10 жылға жуық уақыттан бері көзін қалыпқа келтіру үшін талай дәрігердің табалдырығын тоздырған. Алайда ешбірі көмектесе алмаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде Римманың отбасы Израильде ота жасату үшін 16 миллион теңге қаражат керек. Римманың анасы Жанат ханым “Қазақстан” арнасының “Бақытты әйел” бағдарламасына қатысып, қазақстандықтардан көмек сұрады.

Римманың анасы осыдан 10 жыл бұрын оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«Ол өмірдегі ең бір төбемнен жай түскендей болды. Ол енді барлық ел атап өтетін Жаңа жыл мерекесі еді. Дайындық жасап жатқанбыз. Өзі бала кезінен пысық еді. Тез от-шашуды алып, балконға өтіп кеткенін мен тіпті байқамай қалдым. Әр нәрсені қызығып қарап жүретін. Соны алып, атып көрейін деген ой болған шығар. Ол алдымен менен сұрады. Бірақ мен 12 шамасында атамыз дедім. Бірақ ол сонда да тыңдамай, от-шашуды алып шығып кеткен. Мен үшін ауыр кезең, сол кезеңде шашым ағарып кетті десем де болады. Жедел жәрдем шақыртып, дереу ауруханаға алып бардық. Бірақ нәтижесін өздеріңіз де білесіздер», – дейді анасы.

Сол оқиғадан кейін Римманың отбасы Жаңа жылды тойламайтын болған. Тіпті, туған-туыстары Жаңа жылдық от-шашудан бас тартқан көрінеді. Баланың әр қадамын қадағалап отыру ананың міндеті болғандықтан, Римманың анасы Жанат өзін кінәлап келгенін айтады.

«Бірақ енді қас-қағым сәтте болды. Мүмкін ол шашуды алмасам не болар еді деп те ойладым. Бірақ сол кезде барлық ел отшашуды жаппай алып жатты ғой. Балаларым ешкімнен кем қалмасын деп алып бердім», – дейді Римманың анасы.

Айта кетейік, Римманың отбасы халықтың көмегімен осы уақытқа дейін бір миллионнан аса қаражат жинаған. Көз жанарынан айырылған қазақ қызына көмектесемін деушілер болса, қажетті реквизиттерді оның жеке парақшасынан таба алады.

Тағы оқыңыз: 

Жезөкшелерді қамшымен сабаған Жан Ахмадиев: Депутат болсам, біраз нәрсені өзгертер едім

Жетісу” құрамасының бұрынғы футболшысы адам өлтіріп, түрмеге қамалды

“Харекет” қоры мен театр актерлары бірлесіп 4 балалы анаға баспана сыйлады

Талқылау