Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Нарымбайдың жазасы жеңілдетілді

Ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен сотталған Ермек Нарымбайдың жазасы жеңілдетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі ("Ұлтаралық араздықты қоздыру") бойынша колонияда жазасын өтеп жатқан сотталушы Нарымбаевтың жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтінішін қарады.

Прокурор сотталушының өтінішін қанағаттандыруды сұраған.

"Сотталушы мен оның қорғаушысы өтініш хатты толығымен қолдап, қанағаттандыруды сұрады. Сотталған Н. жазасының 1/3 бөлігін, яғни 1 жыл 5 ай 7 күнді өтеген. Сонымен қатар, ол жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілігін түсініп, істеген ісіне өкінеді", – делінген Қонаев сотының хабарламасында..

Сот үкімімен Ермек Нарымбайдың материалдық шығыны жоқ екені, ол өндірілген 6 729 теңге көлеміндегі процессуалдық шығындарды ерікті түрде өтегені атап өтілген.

"Сотталған Н.-ға қатысты сот шешімімен бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі пробациялық бақылау орнату арқылы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ", – делінген хабарламада. 

Еске салайық, ұлтаралық араздық тудырғаны үшін сотталған Ермек Нарымбай 2022 жылдың ақпанында Алматы әуежайында ұсталған болатын

Талқылау