AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермек Нарымбай Алматы әуежайында ұсталды

Араздықты қоздырды деп сотталған Ермек Нарымбай Алматы әуежайында ұсталды. Бұл туралы қала прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласының прокуратурасы 1970 жылы туған Е.Е. Нарымбайды Киев қаласынан келген соң Алматы халықаралық әуежайында полиция бөлімінің қызметкерлері көлікте ұстағанын, оған іздеу жарияланғанын хабарлайды.

Еске салайық, сот үкімімен Нарымбай Е.Е. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бабы бойынша бас бостандығынан айыру жазасы қолданылып, кінәлі деп танылды. Сот үкімін орындау мақсатында Нарымбай Е.Е. уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбай 2015 жылдың 12 қазанында ұсталған болатын. Бұған олардың әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздыратын, ұлттық ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін анық белгілері бар ақпараттың таралуы туралы ақпарат себеп болған. Олардың тұрғылықты жері бойынша прокурор санкциясымен тінту жүргізіліп, нәтижесінде заттай айғақтар тәркіленді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр