Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлі-зайыпты үйіне кіріп кеткен аюлармен төбелесіп, үйден қуып шықты

АҚШ-тың Колорадо штатында тұратын ерлі-зайыпты өз үйінен аю мен қонжықтарды қуып шықты. 

Ерлі-зайыпты үйіне кіріп кеткен аюлармен төбелесіп, үйден қуып шықты

Оқиға дүйсенбіде, 26 тамызда болған. Ашыққан аюлар Джон Джонсон мен оның әйелі Джордж Анн Филдтің үйіне кіріп, нан тауып жей бастады. Осы кезде ерлі-зайыптылар бірінші қабатта теледидар көріп жатты. Олар күдікті дыбыстарды естіп, асүйге барды. 

71 жастағы Джонсон асүйге кіріп, аюға қарсы жүгірді. Жануар оған шабуыл жасады. Ер адам жыртқышты жұдырығымен ұрды. Әйелі аюды бейсбол таяғымен ұрды. Нәтижесінде жануарлар қаша бастады.

Джонсонның бетінде, кеудесінде және қолында аздаған жаралар қалды. Оның әйелі зардап шеккен жоқ.

Полицейлер иттермен бірге аю мен оның балаларын іздеуге шықты. Келесі күні таңертең аналық аю табылып, қамауға алынды.

Қонжықтары табылмады. Штат полициясының нұсқауларына сәйкес, адамға шабуыл жасаған агрессивті жануарды дереу өлтірмек.

Талқылау