Ерлердің ғұмырының қысқа болу себебі анықталды
Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс университетінің ғалымдары ер азаматтар әйелдерге қарағанда қысқа өмір сүруі олардың өмір салтына ғана емес, ағзаларындағы хромосомаға байланысты екендігін анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер азаматтардың неліктен қысқа ғұмырлы болатындығы жайлы Phys.org сайтында жарияланыпты.
Ғалымдардың пайымдауларынша, ер адамның бойындағы ХY-хромосомалары әйелдердің ХХ-хромосомаларымен салыстырғанда ағзасын қорғау қабілеті едәуір төмен. Зерттеушілер маймылдардан бөлек, басқа да сүтқоректілерге, құстарға, қосмекенділерге, балықтарға, өрмекші тұқымдастарға және жәндіктерге тәжірибе жүргізген. Нәтижесінде олардың еркектерінің өлімі ұрғашыларына қарағанда 17,6%-ға көп екендігі анықталыпты.
Десек те кейбір жануарлардың арасында еркектер ұрғашыларына қарағанда 7%-ға ұзақ өмір сүретіндігі байқалыпты. Ғалымдар бұл жағдай неге байланысты екендігін білмей, дал болуда.
Талқылау

"Нағыз чемпион бұлай өмір сүрмеуі керек": Күрестен бірнеше дүркін жеңімпаз болып, бір бөлмелі пәтерде тұратын әйел көптің көңілін босатты
Желі қолданушылары: "Еңбегін ел дұрыс бағалады ма? Әдеттегідей. Ұмыт қалған”

"100 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін қаржы кетеді": Қазақстандықтар жаназа рәсіміне аста-төк дастархан жайып, шығындалатындарды сынады
Имам мен этнограф жаназаға шығындалу жөн бе деген сауалға жауап берді