Еркін Тапаловтың Чемпиондар лигасындағы тағдыры дәрігерлердің шешіміне байланысты болмақ

Фото:Ильяс Омаров
Алматылық “Қайрат” футбол клубының белді ойыншысы Еркін Тапалов Чемпиондар лигасындағы алдағы ойындарға қатыспауы әбден мүмкін. Бұған басты себеп 32 жастағы қорғаушының жарақат алуымен тікелей байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.
Сондай-ақ тәжірибелі ойыншы Қазақстан құрамасының алдағы өтетін матчтарына да шақырту алмаған. Клубтың медициналық штабы футболшының нақты қашан алаңға оралатынын ашып айтпады.
Еркін Тапалов азулы “Реалға” қарсы ойында қорғаныста жақсы ойнап, көзге түскен еді. Ал енді Еркін Тапалов Чемпиондар лигасында алдағы ойындарға шықпаса “Қайраттың” қорғанысына үлкен қауіп төнері анық. Бұл жанкүйерлер үшін жағымсыз жаңалық болмақ. Тапалов осы маусымда “Қайрат” сапында 26 ойын өткізді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

