Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ерке қуанып жатқан шығар": Райымның бұрынғы сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Танымал әнші Райымның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазановаға ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/nargiizaaa/

Наргиза Рамазанова қуанышты сәтін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Әдеттегіде кеш болған. Бірақ ұмытылмас күнге айналды. Мен “Иә” дедім", – деп жазды блогер. 

Бұл жаңалыққа желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

“Қандай керемет жаңалық, бақытты болсын!”, “Ерке қуанып жатқан шығар”, “Кезінде Ерке Наргизаның парақшасын блокқа жіберу үшін ақша берген еді”, “Қыз да бақытты болуға лайық”, – деп жазды көпшілік. 



Еске салайық, блогер қыз Ерке Есмахан мен Райымның шаңырақ көтергеніне қатысты пікір білдірген еді. 

“Ең біріншіден, көп адам айтып жатқандай ол мені тастап кеткен емес. Екіншіден, біз 7 жыл жүрдік. Ата-аналарымыз танысты. Қыркүйекте той болуы керек еді. Бірақ бірнәрсе дұрыс емес болып кетті. Анық-қанығын айтпай-ақ қояйын. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол арасында келетін. Онымен (Еркемен-ред.) қатар кездесіп жүрген. Екеуміздің ара-қатынасымызды үзуге шешім қабылдадым. Ол ешқандай да опасыздық емес. Менің өмірім онсыз да қызық", – деген еді Наргиза. 

 

Талқылау