Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түсірілім басталды: Ерке Есмаханның қандай фильм түсіріп жатқаны белгілі болды (видео)

Соңғы жылдары жұлдызы жарқырай түскен әнші Ерке Есмахан кино саласында өзін сынап көруге ниеттеніп жүргенін айтқан еді. Күні кеше әнші түсірілімнің басталғанын хабарлап, алаңнан видео жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан

Ерке Есмахан су жаңа туындыда басты рөлді өзі сомдамақ. Сондай-ақ, фильмнің қаржылай шығыны продюсер ретінде Еркенің мойнында. Ал тырнақалды туындысын түсіруге Еркеге режиссер Асқар Ұзабаев көмектеспек ниетте.

“Тәуекел түбі – жел қайық, Жүзесің де өтесің! Кино деген кеменің желкенін көтердік, сәттіліктің самалы серік болсын! Кеменің капитаны: Асқар Ұзабаев. Капитанның оң қолы: Гүл апше, Гүлнұр Мамасарипова. Мен енді тек әнші, жүргізуші емес, Алла қаласа, продюсер және актриса болғалы тұрмын. Осы жолдағы алғашқы жоба – кино.

Ерке Есмахан

Мен тек ата-анамның емес, бүтіндей қазақ деген xалықтың, Сіздердің қыздарыңыз екенімді толық түсінем. Өйткені, әр адам қатал сынды да, ең ізгі тілекті де өз баласына тілейді. Күн сайын Өздеріңізден сондай тілек-ниет, сын-пікір алып, бәрін түйсігіме жинап жүрмін. Мен өсіп жатсам, ол Сіздердің баталарыңыздың арқасы деп білем! Жаңа жұмысыма да сәттілік тілеп қойсаңыздар екен, жандарым! “Арық сөйле, семіз шық” демекші, сөзімнен ісімнің ірі болғанын қалаймын. Кішкене уайымдап тұрмын”, – деп бөлісті Ерке өзінің инстаграм парақшасында.

Айтпақшы, Ерке белгілеген хэштегке қарасақ, фильм “Кафе Махаббат” деп аталуы бек мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Қайрат Нұртас туған інісімен бірге ағылшынша жаңа ән жазды

Луина купальниктегі суретін жариялап, наразылықтың жаңа толқынын көтерді

Қарақат Әбілдина заманауи би билеймін деп сынға қалды (видео)

Жиіркенішті іс: Аша Матай жезөкшелерді қамшымен сабаған Ахмадиевке қатысты пікір білдірді

Талқылау