Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан жігіттің кесірінен ұйықтаудан қалғанын мойындады

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталған жұлдыздардың бірі Ерке Есмаханның жүрегінде қайтадан махаббат оты тұтанған секілді. Әнші белгісіз ер жігіттің хабарлама жіберетінін, соның салдарынан ұйықтай алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

963258789

Осыдан бірнеше күн бұрын Ерке тағы бір еліктірерліктей жарияланым жасады. Қып-қызыл көйлек киіп, нағыз ханшайымның образында тұрған әнші ол суреттің жазбасына «Сен үшін» деп жазды. Ол кезде де желі қолданушылары Еркенің жеке өміріне қатысты жауап алғысы келген. Ал бүгін:

«Біреу түгілі, өзімді өзім түсінбеймін! Бүгін жазған смсіңе мәз болып отырмын. Сондықтан ұйқы жоқ, кім тағы ұйықтамай жүр», – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары Еркенің сүйіктісінің бар не жоқ екенін айтуды сұрады. Әзірге әнші жаңа махаббатының кім екенін ашып айтпады. Десе де жуырда ғана «Әйел бақыты» атты әні мен бейнебаянының тұсауын кескен ол болашақта толыққанды жанұясының болғанын армандайтынын айтты.

Айта кетейік, Ерке Есмахан бұрын танымал тележүргізуші, журналист Асхат Садырбаймен некеде болған. Екеуінің Мүслім есімді ұлдары бар. Асхат Садырбай Еркемен ажырасқаннан кейін тағы да бір рет шаңырақ көтерсе, Ерке әзірге өз теңін тапқан жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Анасынан аумай қалған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Superstar финалисі Роман Ким қайда жүр?

Ағасы: Кезінде жұрт Айдана Меденованы мен арқылы ғана танитын

Абай Бегей: Ажырасқан әйелді жар етіп алуға қарсы емеспін (фото)

Талқылау