Ерке Есмахан ұлын шемішке жарнамасына түсірді
Ерке Есмахан ұлымен бірге шеміске жарнамасына түсіп, жұртты сүйсіндірді. Арасында әншінің сөйлеу мәнерін сынап тастағандар да болды.
Фото: Ерке Есмаханның жеке архивінен
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Ерке Есмахан жуырда жалғыз ұлын шемішке жарнамасына түсірді. Осылайша әнші ұлын киноиндустрияға жақындатқысы келсе керек. “Пішнәй екеуіміз жарнамаға түсеміз деп шемішкі-мемішкі, пісте-містені шағудың түбін түсірдік! Бір балада тістің бар-жоғы белгісіз. Әйтеуір, екеулеп абыроймен түсіп шықтық! Жақында жарнаманың куәсі боласыздар”, – дейді Ерке Есмахан.
Желі қолданушылары әншінің әрекетін қоштап, ізгі тілектерін білдіріп жатты. “Ұлың Асхат Садырбайдан аумай қалыпты”, “Балаңыз сондай тәтті”, “Көпшілік түріне қарасаң, сәнқой, бірақ, сөзінің қарабайыр екенін айтып жатыр ғой”, “Сонда елді мазақ қылып тұр ма? Әлде еркелеген түрі осы ма?”, “Жаным-ау, Алла ұлыңа денсаулық берсін! Ұлың жоғарыдан көрінсін! Ерке қызым, сәттілік”, “Өнерлі, әдемі екеніне еш таласым жоқ! Баласы да сүйкімді. Қалай еркелетсе де өзі біледі. Тек өнер адамы халықтың адамы болған соң, елдің алдында сыпайы сөйлегенін қалаймыз” деп жазады желідегілер.
Жіберіп алмаңыз:
Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)
Майғазиев сапардан оралғанда қыздарының қалай күтіп алатынын айтып жұрттың жүрегін елжіретті
Қайрат Нұртас: Орысша еркін сөйлеймін. Өйткені, Алматыда 27 жыл тұрдым
Қайрат Нұртас: Менімен дуэт орындағаны үшін Нюшаға ештеңе төлеген жоқпын