Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан төрт жасар ұлының туған күнін Ақтөбеде тойлап жатыр

Әнші Ерке Есмахан Мүслім есімді баласының төрт жасқа толған туған күнін Ақтөбе қаласында тойлап жатыр. Күні кеше жақындарын қуантпақ ниетпен әнші Ақтөбе қаласына ешкімге ескертпестен барған.

image

Фото: instagram.com/erke_esmahan/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

2011 жылы ғұмырлы болады деген ниетпен елімізге танымал продюсер Асхат Садырбай мен әнші Ерке Есмахан көңіл жарастырып, отбасын құрды. Алайда жұлдызды жұп бала үшін де бірге тұра алмайтындай дәрежеге жетіп, ажырасу туралы шешім қабылдаған-ды. Осы күнде екеуін байланыстыратын Мүслім есімді ұлдары бар. Бүгін атқамінердің төрт жас туған күні.

Ерке нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатқан ұлының туған күніне дайындықты осыдан үш апта бұрын бастап, отандық дүкендердің бірінен сыйлық алып қойған болатын. Енді міне фильм мен бейнебаянның түсірілім жұмыстарын шетке ысырып, туғандарына ескертпестен тосын сый жасап Ақтөбе қаласына барған.

12950182_921222634664558_1653706290_n

12383199_1592830734367402_1155131835_n

“Маған “ана” деген ардақты ат беріп, мәртебемді биіктеткен кішкентай адамның туған күні келді. Төртінші көктеміңмен, жанымның ең ыстық бөлшегі! Деніңнің саулығын, ақылыңның мол болуын, салиқалы ұрпақ боп өсуіңді тек бұл күні емес, жылдың өзге 364 күнінде де тілеймін! Қасымда бол!”  – деп әнші баласына ізгі тілегін білдірді.

13102342_1610986085891950_1588150703_n

1171212_768290243304140_907814362_n

Ерке баласының туған күніне өнердегі әріптестерін шақырып, дүркіретіп атап өтпесе де, туған-туысқандарының арасында тойламақ ниетте. Баласының қуанышын бөлісуге әкесінің келіп-келмейтіндігі әзірге белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Төреғали Ерке Есмаханды тележүргізуші бүлдіршінге айырбастады (видео)

Төреғали мен Еркенің арасындағы бітіспес дау неден басталды

Ерке Есмахан киімін сынайтындарға өз жауабын берді

Депутат болғысы келген Ерке Есмахан еден жуып жүр

Есмахан: Махаббатын күйеуге шыққан соң кездестіретін жандар бар

 

Талқылау