Ерке Есмахан: Қайда барсам да, іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық
Ерке Есмаханның «Қайда» әні хит болғалы өнер иесіне деген халық қошеметі де еселене түсуде. Ал, осы уақытқа дейін аталмыш тректің тарихы жайлы жан баласына жақ ашпаған әнші, бірінші болып Stan.kz тілшісіне ел арасында кеңінен таралған танымал туындыға қатысты құпияның құлпын ашты.
«Мен әнші болғандықтан Қазақстаның барлығын аралап жүремін. Барлық түкпір-түкпіріне барамын. Ауылдарға, қалаларға, үлкен тойларға, адам көп жиналатын жерлерде. Бірақ қай қала, қай жерлерге барсам да «сен жоқсың, қайдасың» деп іштей болашақ жарымды іздеп жүретінім шындық. Сондықтан, менің әнім де өміріме байланысты» – дейді Ерке.
Бүгінде ерке қыздың көңіл жарастырып жүрген жігіті болмаса да, арманындағы азаматтың келбетін қиялында бейнелеп қойғанын айтады. Тіпті, әншінің сезімін селт еткізер сері кездессе, Ерке барлығына да дайын екенін жасырмады.
«Мен өзім негізі өмірде шын сүйген адамымды кездестірсем, ол мені сүйіп тұрса, шын махаббат болса, мен барлығына да дайынмын. Өмір өте келе ненің құнды, ненің құнсыз екенін білесің. Қазір есейдім. Ең бірінші адамгершілігі бар, мені жақсы көретін адам болса. Және де менің өнерімді бағалайтын азамат болса әрине көп нәрсені тоқтатар едім» – деп ағынан жарылған Ерке, болашақ жарының шығармашылығына шектеу қоймаса екен деген тілегі бар.
Жалғыздық тек жаратқанға ғана жарасқан! Иә, алғашқы некесі сәтсіз аяқталса да, Ерке алдағы күннен үміт үзген жоқ! Жүрегінің жартысын жолықтырса, көп балалы аналардың тізімін толықтырсам деп армандайды. Тіпті, сезім қылын шертер жігіт жолықса, жастың да айырмашылығы маңызды емес деп отыр.
«Болашақ жарымның жас ерекшелігі маңызды емес! Жасы кіші болса да қабылдаймын. Махаббат жасқа қарамайды. Өйткені, өзімнің болашағымды үлкен бір отбасы ретінде елестетемін. Қасымда жарым бар. Мүсілім бар. Одан кейін қыздарым бар» – деп сырларын ақтарған Ерке Есмахан жеке өміріндегі ішкі жоспарларымен де бөліскен жайы бар!
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Ерке Есмахан ұстазы Баян ұқсап кітап жазбақшы
Мейрамбек Бесбаев жұлдыздар арасында “жекпе-жек” ұйымдастырып жатыр
Жанды дауыста ән айта алмаған Төреғали мен Ерке елдің көңілін қалдырды (видео)
Ерке Есмахан жас әншінің бейнебаянына түсемін деп сынға қалды (видео)