Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінің ұлына алимент төлемейтінін айтты

Көпшілік Ерке Есмаханды қолынан ән айтудан басқа іс келмейтін ерке әнші деп санайды. Мұндайда жұрт әншінің де бір кездері келін болғанын ұмытып кететін сыңайлы. Алайда шын мәнінде Ерке қандай?

18580321_800768426764637_4030730862021574656_n

Бұл сұраққа әншінің өзі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді, деп жазады Stan.kz.

Ол тағамның кез келген түрін дәмді етіп әзірлей алатынын айтты. Алайда Ерке жасаған асты бір ғана адам жеп көрген екен. Ол әншінің ұлы – Мүслім.

Ерке журналист Асхат Садырбайдың шаңырағында келіндік міндетін ойдағыдай атқарғанына сенімді. Әншінің айтуынша, бұрынғы қайынжұрты оған бұл жайында мін таға алмайды.

«Мен жаман болған жоқпын жаман пікір айтатындай. Жақсы пікір айтып жүрсе, ол өте дұрыс», – деп ағынан жарылды Ерке.

Ерке ұлы туралы сөз қозғап, Мүслімді әкесімен мүлдем араластырмайтынын мәлімдеді. Бұдан өзге, әнші ұлының әкесінің алимент төлемейтінін айтып берді.

«Мүслім әкесімен хабарласпайды. Оған рұқсат етпеймін. Мүлдем. Алимент төлемейді, оны сұрамаймын да», – дейді Ерке Есмахан.

Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева Қарақатқа ерекше сыйлық жасағанын айтып мақтанды

Бай отбасыдан шыққан Гүлзира Айдарбекова оқушы кезінде жағармай сатқанын айтты

Су астынан сәлем жолдаған Ерке Есмахан көпшілікті таңғалдырды (видео)

Мейрамбек Беспаев келіншегінің өзіне ұнайтын қасиеті туралы айтты

Талқылау