Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева Қарақатқа ерекше сыйлық жасағанын айтып мақтанды

Айнұр Тұрсынбаева қызды болған құрбысы Қарақат Әбілдинаға ерекше сый жасағанын айтып мақтанды.

айнур турсынбаева каракат

Ақын 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында Қарақаттың қызы ұзатылған кезде де қажет болатын дүние әзірлеп қойғанын айтып берді.

«Біз енді құрбымызға алдын ала дайындалдық. Бір құрбымыз әппақ бесік дайындатты. Ал менің сыйлығым кейін Қарақаттың қызы ұзатылса да керек болатын шығар. Киімдерін, алтын-әшекейлерін жинайтын шығар. Барқыттан қоршатып, әппақ барқытпен көмкеріп, жан-жағын асыл тастармен көмкерткізіп, сандық жасатқыздым. Бұйырса, ұнайтын шығар деп ойлаймын», – деп ағынан жарылды айтыскер ақын.

Қарақаттың әпкесі Қымбат Әбілдина болса нәрестенің жанына рахат сыйлайтын зат сыйлағанын айтты.

«Нәресте жақсы ұйықтау үшін, салқында жылы, ал күн ыстықта салқын болып тұру үшін, ауа өткізіп тұратын, өзінің денесіне жұмсақ Қазақстанда жасалған, түйе жүнінен, итальяндық тарақпен тарап тұрып, өзі сондай жанға жайлы көрпесі мен жастығын дайындадым», – дейді Қымбат Әбілдина.

Жіберіп алмаңыз:

Танымал шенеуніктің қарындасын алған Шоқанның тойына Ресей әншілері келді (видео)

Гүлзира Айдарбекова: Димаш Қайрат сияқты бола алмайды

Сәкен Майғазиев келіншектерін ашық-шашық киіндіретін әріптестерін сынап тастады

Ләйлә Сұлтанқызы анасының Пайғамбар жасына толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау