Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан бейнебаянына пародия түсірген қос бүлдіршінге 100 мың теңге сыйлады (видео)

Ерке Есмахан “Аэропорт” туындысы жарыққа шыққаннан кейін, тыңдармандар арасында байқау жариялаған болатын. Ол аталған әнге үздік кавер немесе вайн-видео түсірген жанға 100 мың теңге беруге уәде етті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ерке Есмахан

Жарты ай бұрын жарияланған байқауға 200-ге жуық адам қатысқан. Бұл орайда Ерке байқау жеңімпазын жариялады.

Ол балаларды қорғау күніне орай сыйды бейнебаянына пародия түсірген қос бүлдіршінге берді.

“Шешім қабылдау оңай болмады. Ұтыс қорына 100 000 теңге тігілді. Қатысушылардың бәріне бергім-ақ келеді. Бірақ… Бірақ мына екі бүлдіршіннің талпынысы ерекше ұнады. Жеңімпаздар – осы екі бүлдіршін! Шешімді өзім қабылдадым! Балалар күні қарсаңында осы балаларды қуантқым кеп тұр. Әділ шешім деп ойлаймын!

Парақшаларындағы өзге видеоларды да қарап шықтым. Анасы балаларын өнерге баулуда еңбектеніп жүргені көрініп-ақ тұр! Бәрекелді! Сый сіздерде! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!Ұтысты алу үшін менің директорым Ақмаралға тікелей xабарласуыңызды сұраймын! Қатысқан жандардың бәріне раxмет! Алда талай конкурс бар”, – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 01 Маусым, 2018 13:45
Талқылау